kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қарағандылық суретші, үшінші Бүкілодақтық конкурстың лауреаты Вячеслав Тюминнің жеке көрмесі

2014 жылдың 4 ақпаны күні Екібастұз қаласының тарихи-өлкетану музейінің көрме залында Қарағанды қаласының суретшісі, үшінші Бүкілодақтық конкурстың лауреаты Вячеслав Тюминнің жеке көрмесінің ашылуы болып өтті. Көрме суретшінің 84 жылға толуына және Қарағанды қаласының 80-жылдығына орай ұйымдастырылған еді.

В.Ф.Тюмин сурет салуды 1956 жылдан бастады. Оның бірінші жұмысы – Бурдуктың табиғат көрінісінің көшірмесі. Қазіргі таңда Вячеслав Федоровичте 500-ден астам картина бар. Олардың көбі Ресей, Украина, Белорусия, Америка және Германия елдеріндегі жеке топтамашылардың қолында. Өзінің  жасына қарамастан   суретші әлі де сурет салып, өлең жазады.

Көрменің салтанатты ашылуына Екібастұз қаласының суретшілері, сәнді-қолданбалы өнер шығармашылығының шеберлері, балалар көркемсурет мектебінің оқушылары мен ұстаздары, суретшінің шығармашылығын сүйетін адамдар  қатысты.  

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза