Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.29.01. бастап 14ж.05.02. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1. 10 сағ. 40 мин. құлпы желініп қалғандықтан сыртқы есікті аша алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, алпь. жабдықтың көмегімен 5-қабаттың балконына түсті. Балкон есігінен пәтерге кіріп, ішінен сыртқы есікті ашты.

2. 17 сағ. 09 мин. үйіне келіп, құлып желініп қалғандықтан сыртқы есікті өз кілтімен аша алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Зардап шеккендер жоқ.

3. 15 сағ. 30 мин. Екібастұз-Шідерті тас жолында отын қатып қалғандықтан жүк автокөлігі тұрғандығы жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, ауа жүйесіне ауаны жіберді, дөңгелектерді блокировкадан шешті және қатты тіркегішке тіркеп Екібастұз қаласына алып келді.  

4. 22 сағ. 40 мин. күйеуі пәтеріне кіріп есікті жауып алып өзіне қол жұмсамақшы екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті.  Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты және қол жұмсауға жол бермеуге үлгерді.

 

 

 ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ»

4-құтқару бөлімшесінің басшысы                                        Каирбаев Ж.К.