Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Кажибеков Айдын Шукирович 1978 жылдың 4 сәуірінде Павлодар облысы Екібастұз ауданы Комсомол ауылында дүниеге келген.

Білімі– жоғары, в 2010 жылы Көкшетау техникалық институтын өрт қауіпсіздігінің инженері мамандығы бойынша білім алған.

            Еңбек жолын  өртке қарсы мемлекеттік бақылау қызметінен бастады,   1998 жылы Павлодар облысы 19 өрт сөндіру бөлімінің  бастығы, 1999 жылдан 2004 жылдары Майқайың кентінде және Ақсу қаласындағы өртке қарсы мемлекеттік бақылау  бөлімінің аға инспектор қызметін атқарды. 2004 жылы мекемелердің қайта құруынан кейін Ақсу қаласының ТЖ саласындағы мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы лауазымына ауыстырылды, 2005 жылы Железинка ауданының ТЖ саласындағы мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы болып тағайындалды.  В 2007 жылы ҚР ТЖ жөніндегі Министрінің бұйрығымен  ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Қашыр ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2014 жылы 28 ақпанда ҚР ТЖ жөніндегі Министрінің бұйрығымен ҚР ТЖМ Павлодар облысы төтенше жағдайлар Департаменті Ертіс ауданыны мемлекеттік мекемесінің төтенше жағдайлар жөніндегі бақылау бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 

2016 жылдың 22 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК  Павлодар облысы төтенше жағдайлар Департаменті бастығының бұйрығымен ҚР ІІМ ТЖК  Павлодар облысы төтенше жағдайлар Департаменті Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы бастығы болып тағайындалды.

 Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 141202 Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 39-үй.

Электрондық мекен-жәй: uchs_ekibastuz_pavl@emer.ru

Байланыс телефондары: 8(7187) 340907, 340367

Азаматтарды жеке қабылдауды апта сайын дүйсенбі күні сағат  16.30-дан 18.30-ға дейін жүргізеді. 

Бөлім мен топтардың атауы

 

Т.А.Ә

Қызметі

Телефон

1

Бос орын

Бастықтың орынбасары

342623

2

Шаймарданов Руслан Ербулатович

Азаматтық Қорғаныс тобының аға офицері, капитан

340851

3

Нурмакин Рустам Бакытханович

Өртке қарсы мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры

341971

4

Хамитова Майгуль Камидуллиновна

Төтенше жағдайларды ескерту тобының бас маманы

340184

5

Макенова Гульбаршын Кабаевна

Төтенше жағдайларды ескерту тобының бас маманы

340184

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті

Павлодар  облысы Төтенше жағдайлар Департаменті

Екібастұз  қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының

мақсаты, негізгі мәселелері, қызметтері, құқықтары мен міндеттері

1. Қазақстан Республикасы  ІІМ Төтенше жағдайлар Комитеті Павлодар  облысы Төтенше жағдайлар Департаменті Екібастұз  қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының мақсаты: халықты, нысан мен  аумақтарды табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау, Екібастұз қаласы  ауданның азаматтық қорғау жүйесін дамыту.

2. Міндеттері: табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу мен оны болдырмау, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі аясында мемлекеттік саясатты іске асыру, өрт және өндірістік қауіпсіздік саласында Азаматтық қорғаныс шараларын орындауда төтенше жағдайларды алдын алу мен болдырмау бойынша  мемлекеттік бақылауды іске асыру,  өрт сөндіру мен оның алдын алуын ұйымдастыру, Екібастұз қаласы төтенше жағдайларды алдын алу мен болдырмаудың мемлекеттік жүйесін әрі қарай дамыту, қызметін қамтамасыз ету.

3. Функциялары: Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу мен оны болдырмау, өрт қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігіндегі мемлекеттік бақылау, төтенше жағдайларды алдын алу мен болдырмау, Азаматтық қрғаныс шараларын орындау, өрт сөндіру мен оның алдын алуын ұйымдастыру, Екібастұз қаласы төтенше жағдайларды алдын алу мен болдырмау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруын қамтамасыз ету.

Екібастұз қаласындағы ТЖК-нің құрылымдылық бөлімшелерінің

тізімі

1. «Қазақстан  Республикасы    Ішкі   Істер Министрлігі  төтенше жағдайлар Комитеті Павлодар облысы төтенше жағдайлар  Департаментінің жедел- құтқару жасағы  (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесі.

2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесі №14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі.

3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесі №19 өрт сөндіру бөлімі.

4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесі №32 өрт сөндіру бөлімі.