Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құрметті азаматтар

Бауэр Аркадий Мартынович (1805.1935, Әзірбайжан КСР-і, Кировабад қ.), Екібастұз қаласының құрметті азаматы (2002), КСРО және ҚазКСР-і ағарту ісінің үздігі. 1963 жылы Семей пенинститутын бітірген. №3, 7 ОМ, Екібастұз педучилищесі директоры. Қалалық және облыстық халық депутаттары кеңесінің депутаты болып сайланған Екібастұз қалалық атқару комитетінің төрағасы. Екібастұз қаласы әкімінің әлеуеметтік мәселелер жөніндегі орынбасары. Қазіргі уақытта «Қайырымдылық» қоғамдық орының директоры.

 

Жақсыбаев Серік Амантайұлы (21.04.1934, Новосибир облысы, Довеленск ауданы, Довольное с.), экономика ғылымдарының кандидаты (1980), Екібастұз қаласының құрметті азаматы (1995), КСРО журналистер одағының (1987) және Қазақстан журналистер одағының (1994) мүшесі, Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстар академиясының мүше-корреспонденті (1997). 1970-1994 жж. еңбек және еңбекақы төлеу бөлімінің бастығы. «Богатырь» кеніші директорының экономика жөніндегі орынбасары. 1994 жылдан бері ЕИТИ-де ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, кафедра меңгерушісі, профессор, Павлодар Университетінің профессоры. Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары - көмір өндірісі экономикасының проблемалары мен Ертістің Павлодар өңірінің тарихы. 60 ғылыми жұмыстың, оның ішінде 3 монографияның авторы. КСРО медальдары және «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (2001) марапатталған. Шығармалары: Уголь Экибастуза. М., 1992; Екибастузский каменноугольный бассейн. Павлодар, 2001; Минеральное сырье Палодарской области. Павлодар, 2002.

 

Жыланбаев Марат Төлегенұлы (19.08.1963, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Фрунзе» кеңшары). Планетаның ең ірі шөлдерін бағындырған әлемдегі жалғыз адам. Жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Гиннестің рекордтар кітабына есімі 7 рет жазылған. Екібастұз қаласының құрметті азаматы. 1990-1994 жж. ол Азияның, Африканың, Австралияның және Американың шөлдері арқылы жүгіріп өтті. Төмендегі нәтижелерге қол жеткізді: 1) 1990 ж. қазанынан 1991 ж. 4 қазанына дейін 365 күнде 42 км, 195 метр қашықтықтағы 226 классикалық марафонда жүгірді; 2) 1991 ж. наурызынан 24 наурызына дейін (23 күнде) 23 классикалық марафонды қатарынан жүгірді; 3) 1991 ж. 1 маусымнан 15 маусымына дейін (15 күнде) 30 классикалық марафонды (күніне 2 марафон) орташа алғанда әрқайсысын 4 сағат 54 секунд нәтижесімен жүгірді; 4) қашықтығы 1 200 км Қарақұм шөлі арқылы ең қашық жүгіруін 1992 ж. 2-22 сәуір аралығында 20 күнде жүгіріп өтті; 5)  қашықтығы 1 700 км Сахара шөлі арқылы ең қашық жүгіруін 1993 ж. 25 ақпаннан 23 наурызға дейін 24 күнде жүгіріп өтті; 6) қашықтығы 1 600 км Үлкен Виктория (Австралия) шөлі арқылы ең қашық жүгіруін 1993 ж. 24 қарашадан 15 желтоқсанға дейін 22 күнде жүгіріп өтті; 7) қашықтығы 1 218 км Невада шөлі арқылы (Солтүстік Америка) ең қашық жүгіруін 1994 ж. 1-19 сәуірде 17 күн ішінде жүгіріп өтті. Қазіргі уақытта кәсіпкер. 2 және 3 шақырылымдарда қалалық мәслихат депутаты.

 

Қызғарин Бөкен (05.06.1941, Павлодар облысы, Краснокутск ауданы, Ақкөл кеңшарының № 32 бөлімшесі), Социалистік Еңбек Ері,
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының еңбегі сіңген қызметкері. Еңбек жолын жұмысшы ретінде Ақкөл ауылында бастады 1963-1979 жылдары осы шаруашылықта аға шопан, 1983 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірді. 19836-1990 жылдары Екібастұз ауданының Өлеңті ауылдық кеңесінде атқару комитетінің төрағасы. Ленин ордендерімен (1971, 1973) және КСРО медальдарымен марапатталған.

 

Куржей Станислав Павлович (31.051924, Украинаның Хмельницк облысы, Шаравечка с.), ҚазКСР-не еңбегі сіңген шахтер, Социалистік Еңбек Ері (1980), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Шахтер даңқы» белгісінің толық иегері, Екібастұз қаласының құрметті азаматы, Қарағанды тау-кен техникумын 1947 жылы бітірген, Томск политехникалық институтын 1957 жылы бітірген. Еңбек жолын 1942 жылы «Қарағандыкөмір» комбинаты шахтасында бастаған. 1969-1976 жылдары «Богатырь» кенішінің директоры, 1976-1989 жылдары «Екібастұзкөмір» ӨБ директоры. 2 орденмен марапатталған.

 

Мелехов Дмитрий Павлович (1933, Волгоград облысы, Михайловск ауданы, Скуриха хуторы), құрметті шахтер, көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері, «Шахтер» даңқы белгісінің толық иегері. 1951 жылы Қарағанды тау-кен техникумын, Мәскеу қаласында Бүкілодақтық сырттай политехникалық институтын (1971) бітірген. Еңбек жолын 1951 жылы «Қарағандыкөміркеніші» тресі көмір кенішінде учаскелік маркшейдер болып бастаған. 1973 жылы басқару аппаратында бас маркшейдер, тау-кен жұмыстары перспективалық дамуы жөніндегі техникалық директордың орынбасары. «Богатырь» және «Шығыс» кеніштері құрылысын жобалауды ұйымдастыруда шешуші рөл атқарған. 1996-2003 жж. «БАК» ЖШС-і күрделі құрылыс және перспективалық даму жөніндегі дирекциясын басқарған. 2003 ж. қарашасынан бастап «Аксес Индастриздің» кеңесшісі болып тағайындалған. Көмір өндіруді дамытуға сіңірген еңбегі үшін облыстық әкімдіктің құрмет грамотасымен марапатталған (2001).

 

Солодков Виктор Михайлович (01.04.1943, Қостанай облысы), қаланың құрметті азаматы. Қазақстан Республикасың білім беру ісінің үздігі (1995). Павлодар музыка училищесін бітірген. Екібастұз қалалық балалар музыка мектебінде баяннан 20 жылдай сабақ берді. 1982 жылдан Глинка атындағы балалар музыка мектебінің директоры. Мектепті басқарған жылдар ішінде домбыра, қобыз кластарын ашып, қазақ және орыс халық аспаптары оркестрін құрды. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі, Павлодар облысы әкімінің сыйлығымен, облыстық білім беру департаментінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

Хакимзянова Хадия Гарифзянқызы (28.01.1923, Кемеров облысы, Юрга қ.), қаланың құрметті азаматшасы, Қазақ КСР-не еңбегі сіңген мұғалім. 1940 жылы Томск пединститутын бітірген. Екібастұзда 1951 жылдан №2 орта мектебінде 42 жыл мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі болып істеді. 1968 жылы КСРО мұғалімдерінің Бүкілодақтық съезінің делегаты. Еңбек, Қызыл Ту, «ІІ дәрежелі ана даңқы» ордендері және КСРО медальдарымен марапатталған.

 

Хамметов Халел Бекбергенұлы (16.04.1929, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Сарыжол ауылы), қаланың құрметті азаматы, Қазақ КСР-і ағарту ісінің үздіг.і. 1951 жылдан Қазақ мемлекеттік пединститутын бітірген. 1963-1969 жж. Екібастұздағы №2 жұмысшы жастар орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі. 1969-1977 жж. Екібастұз еңбекшілері депутаттары қалалық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1977-1989 жж. №3 жұмыс жастар орта мектебінің директоры. 1989-1994 жж. қалалық фильмотека директоры. 1998-2002 жж. Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы. Қазақстан мұғалімдерінің IV, V, VI съездерінің делегаты. КСРО медальдарымен мараптталған.