Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының әкімі А. Ф. Вербняктың есеп беру кездесулері

        2013 жылдың 20 қаңтарынан бастап Екібастұз аймағында қала әкімінің тұрғындар алдында жыл сайынғы есеп берулері басталды.

        20 - 22 қаңтар аралығында 5 есеп беру кездесі, яғни  қала құраушы 3кәсіпорында – «Богатырь Көмір» ЖШС, «Шығыс» кеніші, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, Қоянды және Байет ауылдық округтерінде өткізілді.

Екібастұз өңірінің 2013 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштеріне тоқталған қала басшысы мәдениет, спорт, денсаулық  сақтау салалары бойынша тындырылған істерді тілге тиек еткен ол елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың барысын айрықша атап айтты және екібастұздықтарды белсенді қатысуға шақырды.

Кездесулерге 740 адам қатысты, 12 қатысушы сөз алып, әлеуметтік саладағы 8 мәселелер көтерілді. Қала және ауыл тұрғындарынан түскен ұсыныс-тілектердің бірқатарына сол жерде түсінік берілді.