Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қуаныш Маратұлы Қабдуәлиев «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Қуаныш Маратұлы Қабдуәлиев Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы өкімімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

1977 жылғы 27 қаңтарда туған. 1999 жылы сәулетші мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік сәулет – құрылыс академиясын тамамдаған.

Қуаныш Маратұлы еңбек жолын 1999 жылы «Алматыгипрогор» акционерлік қоғамының сәулет – құрылыс блімінде сәулетші болып бастаған.

«Желдорстрой» ашық акционерлік қоғамы сәулет – құрылыс бөлімінің бастығы, «Интеринж Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастығы, «ВНР» инженер – құрылыс компаниясының бас сәулетшісі болып жұмыс істеді.

2009 жылғы 29 маусымнан бастап «LIBERTI» COM» жуапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры лауазымын атқарды.