Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мырзажан Акрамұлы Үсенов Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы өкімімен Мырзажан Акрамұлы Үсенов Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

         1957 жылы 2 наурызда туған. 1982 жылы Павлодар индустриалдық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Мырзажан Акрамұлы Үсенов еңбек жолын 1982 жылы «Экибастузшахтстрой» № 8 кеніш – құрылыс басқармасының учаске шеберінен бастаған.

Қазақстан Компартиясы Екібастұз қалалық комитеті құрылыс бөлімінің және қалалық шаруашылығының нұсқаушысы, Екібастұз қалалық атқарушы комитетінің құрылыс және қалалық шаруашылық жөніндегі бөлімінің меңгерушісі, Павлодар облысы      индустрия және сауда департаментінің импортты алмастыру  және сапа бөлімінің бастығы, Павлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы индустриалды-инновациялық даму және инвестиция бөлімінің бастығы болып еңбек еткен.

2013 жылдың 8 тамызынан Павлодар облысы  индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 

Мемлекеттік қызмет өтілі  14 жыл.