Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.08.01. бастап 14ж.15.01. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1. 17 сағ. 33 мин. кілт сынып қалғандықтан үйіне кіре алмай тұрғандығы және киімсіз болғандықтан тонғаны жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.

2. 22 сағ. 04 мин. 103 диспетчерінен қоңырау түсті, ол көп қабатты тұрғын үйдің пәтерлердің бірінде ер адам бар екендігі пышақпен жарақаттанған мүмкіндігі бар екендігін хабарлады, есікті ашу керек екендігін айтты. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, олардың көмегі ІІБ қызметкерлері өздіктерінен сыртқы есікті ашқандықтан қажет болмады.  

3. 16 сағ. 27 мин. сыртқы есікті аша алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, үйдің төбесінен арқанмен 5-қабаттың балконына түсті, пәтерге кіріп сыртқы есікті ішіенен ашты. Зардап шеккендер жоқ.

4. 22 сағ. 00 мин. Пәтеріне кіре алмай тұрағандығы және пәтерде 3 жасар бала бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, пәтерде бала жоқ екендігін анықтады, бала балалар үйінде. Әйел ата-ана құқығынан айырылған. Есікті ашудан бас тарттық.

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

      Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ»

3-құтқару бөлімшесінің басшысы                                        Оспанов М.М.