kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Павлодар облысының әкімі Екібастұзға келді

2014 жылғы 13 қаңтарда  Павлодар облысының әкімі   Қ. Бозымбаев Екібастұзда болды.

            Өңір басшысы электр энергиясын өндіріп, таратуды жүзеге асыратын «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – ге барды. 2013 жылы электр энергиясын өндіру сағатына 13,5 млрд кВт құрады. Осы аталған кәсіпорында ҮИИД инвестициялық бағдарламасы табысты орындалуда, ол жұмыс істеп тұрған бес энергоблокты жаңғырту және істен шыққан үшеуін қалпына келтіру, сондай – ақ біртіндеп электр сүзгілерін орнату арқылы қоршаған ортаға тигізер залалын азайту сияқты бірнеше кезеңнен тұрады. 2013 жылы Екібастұз ГРЭС-1 - де стансадағы барлық энергоблокқа жоғары тиімді заманауи тазартқыш электр сүзгілерін орнату аяқталды, бұл ауаға бөлінетін күл қалдықтарын 4 есе төмендетуге септігін сигізіп отыр.

            ГРЭС-1 танысқаннан кейін, электр энергиясын өндіріп, өткізумен айналысатын келесі кәсіпорын «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ – ға бару іске асты. Екібастұз ГРЭС-2 өткен жылы электр энергиясын өндіруге қатысты жылдық жоспарды бір апта мерзімінен бұрын орындап, 23 жыл ішінде алғаш рет рекорд жасады. Жалпы, 2013 жылы жылдық жоспар сағатына 6,1 млрд. кВт болса,  сағатына 6,3 млрд. кВт электр энергиясы өндірілді. Кәсіпорында стансаның техникалық жай –күйін жақсарту және қаланың экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі бағдарламалар сәтті іске асуда. Ауаға бөлінетін күл 97,46 %-ға қысқарған. Бұл екі энергоблогқа электр сүзгілерін орнату нәтижесінде қол жеткізілген көрсеткіш. Үшінші энергоблогтың құрылысы белсенді қарқын алуда.

            ГРЭС-2 стансасында Екібастұз қаласының әкімі А.Ф. Вербняктың өңірдің 2013 жыл ішінде әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебі тыңдалды.

            Есеп беруден кейін, облыс әкімі бірқатар әлеуметтік, өндірістік нысандармен және өңірлік индустриализациялау картасының іске асу барысымен танысу мақсатында қалаға бет алды.

            «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС-де өндірістік бағдарламалардың орындалу барысымен, оның даму перспективасымен танысты. Компания жүк вагондарын шығаруды ұйымдастыру үшін «Таман» ЖШС өндірістік кешенін техникалық қайта жарақтау инвестициялық жобасын іске асыруда, жоба құны 7,2 млрд. теңгеден асады. Өткен жылы кәсіпорын 1501 жартылай жүк вагондарын, экспериментті тұтас металлдан құйылған жабық вагондарды шығарды.                       

Жұмыс сапары аясында Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша бизнестің әлеуметтік серіктестігі шеңберінде қала құраушы кәсіпорындардың демеушілік қаражаты есебінен бой көтерген музыка мектебіне барды. Қазіргі уақытта мектепте домбыра, қобыз, фортепиано, скрипка, баян, аккордеон, флейта, гитара, домра-прима, шертер сияқты 10 мамандық  бойынша 650 оқушы білім алуда.      

Одан әрі, облыс басшысына Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Екібастұз қаласының  № 2 емханасы» ШЖҚ МКК құрылысының аяқталу сатысының негізгі кезеңі жөнінде ақпарт берілді. Ол әлеуметтік маңызды сырқаттарды ерте бастан анықтау мақсатында скринингтік тексеру жүргізуге, сәулелік, жалпы клиникалық, зертханалық, функционалды диагностика мен эндоскопия бойынша диагностикалық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін  жоғары технологиялық жабдықтармен жарақталған.     

Сондай-ақ, Қанат Бозымбаев отын - энергетикалық сала үшін техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын дайындау және қайта даярлау бойынша 700 орынға арналған кәсіби оқу орталығын қарап шықты.

Одан басқа, облыс басшысы ҮИИД бағдарламасы шеңберінде инвестиция көлемі 9,5 млрд. теңге болатын «Бағыттап бұрғыштар өндіру мен темір жол доңғалақтарын өңдеуді ұйымдастыру» инвестициялық жобасын іске асырушы  «Проммашкомплект» ЖШС-не барды. 2013 жылы зауыт 662 бағыттап бұрғыштар, 1926 000 айқастырма, 1175 жөндеуге қажетті жиынтық, 22095  тұтас басылған доңғалақ шығарды.

«Богатырь Көмір» ЖШС (2013 жылы көмір өндіру 41,7 млн. тоннаны құрады), «Восточный» кеніші кәсіпорындарына барған кезде Қанат Алдабергенұлы өндірістік бағдарламалардың, көмір өнеркәсібінің болашақ дамуымен танысты.  

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза