Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұздың ең үздік спортшылары

Павлодар қаласында спорт саласының 2013 жылғы қорытындысы өткізілді.

Павлодар облысы Екібастұз қаласынының ең үздік спортшылары болып үстел теннисінен Қазақстан Республикасының спорт шебері,  5 дүркін  Қазақстан Республикасының чемпионы, үстел теннисі бойынша Қазақстан  Республикасының абсолютті чемпионы,  Иорданиядағы  2013 жылдың халықаралық рейтинг турнирінің қатысушысы Владимир  Каплич, үстел теннисінен жасөспірімдер арасында өткен 2013 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Талғат Ерекеев, Екібастұз қаласы «Жасыбай» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің  қазақ күресі бойынша жаттықтырушысы Өміртай Шәріпжанов,  Екібастұз қаласы «Жасыбай» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің  еркін  күрес бойынша жаттықтырушысы Михаил Цыбанев,  қазақ күресінен 2013 жылғы «Жас Барыс» республикалық турнирінің қола жүлдегері Мадияр Қазтай,  Зерянин қаласында (Сербия) өткен әйелдер күресі бойынша әлем чемпионы Светлана Анкичева,  таеквондодан Қазақстан Республикасының спорт шебері, жастар құрама командасының мүшесі 2013 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері  Зарина Сердалиева,  Екібастұз қаласының № 3 балалар жасөспрімдер спорт мектебінің таеквондо бөлімшесінің жаттықтырушысы Дархан Бекенов,  джиу-джитсу бойынша  халықаралық класс Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2013 жылғы Краков (Польша) қаласындағы  әлем чемпионатының жеңімпазы Алмагүл  Кашина атанды.