kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

13ж.18.12. бастап 13ж.25.12. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1. 7 сағ. 15 мин. жер үйдің төбесінде металлды бет салбырап ұрғндығы, және оның жолға құлау қаупі бар екендігі жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, үйдің төбесіне көтерілді және арнайы құралдың көмегімен салбырап ұрған бетті алды. Зардап шеккендер жоқ.

2. 10 сағ. 45 мин. пәтерінің кілтін жоғалтып алғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған, жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.

3. 9 сағ. 56 мин. сыртқы есіктің құлпы желініп қалғандықтан, пәтеріне кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, пәтердің кілтімен сыртқы есікті ашты.

4. 14 сағ. 52 мин. көрсетілген мекен-жай бойынша әжей үш күн бойы есік қаққанға жауап бермейтіндігі жөнінде хабарлаған, учаскелік инспектордан қоңырау түсті, осы пәтердің сыртқы есігін ашуға құтқарушылардың көмегі керек екендігін айтты. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, учаскелік инспектордың көзінше, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Әжей әлсіз күйде кереуетте жатты (қант диабеті), содан соң «жедел жәрдем» қызметкерлерін шақырды.

5. 4 сағ. 42 мин. әйелден қоңырау түсті, ол Омбы-Қарағанды бағыты бойынша қала аралық рейстік автобустың жолаушысы екендігін. Автобуста ол және басқада 21 жолаушы бара жатқандығын, диз.отын қатып қалған және автобус екі сағат бойы жолда тұрғандығын хабарлады. Құтқарушылар келген уақытқа дейін өтіп бара жатқан рейстік автобус жолаушыларды Шідерті кентіне дейін алып кеткен. Оқиға орнына келумен, құтқарушылар автобус жүргізушілеріне тех. көмек көрсетті.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ»

кинологиялық қызмет басшысы                                           Куценко Г.А.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза