Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының әкімі жетім балаларды құттықтады

2013 жылдың 24 желтоқсанында «Өнер» қалалық мәдениет орталығында Екібастұз қаласы әкімінің қайырымдылық шыршасы өтті.

Жаңажылдық ертеңгілікке 500-ден аса жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар шақырылды. Әр бала тәтті сыйлық пен ойыншық алды.

Балаларды мерекемен құттықтаған қала әкімі Александр Вербняк жас екібастұздықтардың айрықша талантты екендігін атап өтті.

Мейрам орталықтың үлкен залында жалғасып, Ирина Огопоньконың жетекшілігімен театрланған «Ғажайып цирктегі жаңа жылдық оқиға» атты көріністі тамашалаумен аяқталды.