Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Үздік мемлекеттік қызметші

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Павлодар облысының әкімі Е.М. Арынның қатысуымен Қазақстан Республикасының  мемлекеттік және ведомстволық наградаларын табыстау рәсімі өтті.

Павлодар қаласындағы «Достық» үйінде өткен осы салтанатты жиналыста бар ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған жерлесіміз - Екібастұз қаласы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді енгізу бөлімінің басшысы Мағжан Сүлейменқызы Темірғалиева Мемлекеттік награда - «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл біз үшін үлкен мақтаныш әрі мәртебе, себебі Республика деңгейінде тұңғыш берілген осы наградамен облыс деңгейінде үш мемлекеттік қызметші ұсынылса, оның бірі - Мағжан Сүлейменқызы.

Мағжан Сүлейменқызын осы марапатымен құттықтаймыз!!!