kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қаланың өртке қарсы суқұбырларын тексеру жөніндегі қорытындысы

Өртті сумен сөндіру ең тиімді және оңай амал болып саналады. Егерде әртүрлі өрт сөндіру құралдарын таңдап алу жағдайы туындап тұрса, (егерде суды қолдануға болса ) онда көбінесі суға ерекше назар аударуыңыз қажет. Өртке қарсы  қызметінің қаруландыруында турған  негізгі өрт техникасы, өрт кезінде  тек ғана сумен өртті сөндіру үшін биімделген.

Өрт болған жерде, өртті сөндіру және оның салдарын жою үшін су қорларының болуы үлкен рөл атқарады.

Өртке қарсы  су  жабдықтауының болмауы, елді мекендерде су жабдықтау құралдарының жеткіліксіздігіне  байланысты, жанар-жағар майдың көп кетуіне материалдық шығын келтіреді.

Қала ішіндегі өрт гидранттарына  жөндеу жұмыстарын жүргізу және оларды орнату үшін  «Горводоканал» мемлекеттік коммуналдық мекеме қарамағының есебінде тұр. Қаланы тексеру барысында 234 өрт гидранттары бар екендігі байқалды, оныі ішінде 217 өрт гидранттары  жұмыс істеп тұр, ал 17 өрт гидранттары белгісіз себептермен жарамсыз жағдайда тұр.

Сонымен бірге  су жоқ шағын аудандарда  сыртқы өртке қарсы суқоймаларын қамтамасыз ету сұрақтары  жөнінде, бүгінгі күнге дейін шешілген жоқ.

Егерде көп қабатты үйлерде өртке қарсы суқоймалары қанағаттандырылған жағдайда тұрса, онда  жеке секторлар сусыз шағын ауданы боп есептеледі.

Осындай  су жоқ шағын аудандарда Сіздің  тұрып жатқан үйіңіз де болуы мүмкін -  бұл шындық, ойлансақ өте қорқынышты.

Егерде  қаладағы өрт гидранттарды жаңадан  орнатуға жағдай туғызбаса, онда ауыл мекендерде  өртке қарсы суқұралдары  жақсы жағдайда  тұр деп айтуға ауыр. Мысалы Шідерті поселкісін алсақ, онда  бар болған өрт гидранттары өнделмеген, және оларды жарамды жағдайға келтіруге мүмкіндік жоқ.

Біздің аудандарда  барлық  елді мекендер осындай жағдайда тұр,тек қана  Солнечный поселкісі және  Қоянды, Лесхоз, Атығай жақын елді мекендерде   «Горводоканал» МКМ жұмыс істеуімен өрт гидранттары түгелделіп,  жарамды жағдайда тұр.

             Қалған елді  мекендерде және ауыл округтерінде өртке қарсы су қоймалары жоқ.

 «А.Марғұлан атындағы», «Шиқылдақ», «Бает», «Зеленая роща», «Ақкөл», «Тай», «Төртүй», «Мыңтамыр», «Ақші»  ауылындағы суқоймалардан және скважиналардан   жанар- жағар құю станциясына жетпей тұрып өрт автокөлігіне су  құюлары мүмкін.

Бірақ  «Зеленая роща» және Ақкөл  ауылдарында суқоймалардан суды алуға қиын, өйткені суқоймасы терең қазылмаған. Суды тазарту станциялары бар елді мекендерде өрт автокөліктерге суды құюға бейімделмеген.

 Қалаларды, ауыл елді мекендерді, және қала аймағына жататын обьектілерді өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету үшін,  және оларды  кез келген уақытта оттан қорғау  үшін, ең алдымен  суқұбырының жағдайы дұрыс болу қажет екендігі туралы бір тұжырым шығаруға болады.

 

 

Екібастұз қаласы ТЖБ

МӨҚБ-нің бас маманы

ө/қ подполковник                                                              Б.А.Раскельдинова

                                                                                 

ӨСБ-14 кезекті кезекшіліктің

аға инженері

ө/қ қызмет майоры                                                            Б.С. Жамалов

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза