Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



13ж.04.12. бастап 13ж.11.12. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 12 сағ.10 мин. желдің себебінен екі ағаш мектеп ғимаратына құлағаны және әрі қарай құлау қатері бар екендігі жөнінде хабарлаған № 11 мектеп директорынан қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, жүкарба көмегіменүшінші қабаттың терезе ойығында ілініп тұрған ағашты алды.
  2. 18 сағ. 21 мин. подъезге шыққанда кіші жастағы баласы артынан есікті ысырмаға жауып алғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Зардап шеккендер жоқ.
  3. 1 сағ. 19 мин. бала бақшада күркеден жел темір шатырын ұшырғаның, шатыр ұшып барып жаяу жүретін жолдың үстіндегі ағашқа ілініп қалғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, жедел машинаның көмегімен ағаштан темір шатырды тартып алды.  
  4. 14 сағ. 29 мин. зейнеткер көршісі жуынатын бөлмеде құлап қалғандығы және тұра алмай жатқандығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, үйдің төбесінен 5-ші қабаттың балконына түсті және сыртқы есікті ішінен ашты.
  5. 21 сағ. 7 мин. ЖКО болғандығы және қысылып қалған адам бар екендігі жөнінде хабарлаған ЖПҚ қызметкерінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, гидравликалық құралдың көмегімен қисайған автокөліктен қысылып қалған жүргізушіні алып шықты.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД     

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ 4-ші

құтқару бөлімшесінің басшысы                                       Каирбаев Ж.К.