Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



13 ж. 27.11. бастап 13 ж.04.12. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 9 сағ. 18 мин. пәтерінің құлпы жеңіліп қалғандықтан, пәтеріне кіре алмай тұрғандығы және пәтерде 2,5 жасар баласы бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, 5-ші қабаттың балконынан 4-ші қабаттың балконына түсті және сыртқы есікті ішінен ашты.      
  2. 4 сағ. 10 мин. дүкен үсітіндегі 3-ші қабаттың балконынан алкогольдік мас қарт жастағы әйел, жаймаларды бір-біріне байлап, төменге түскісі келетіндігі жайында хабарлаған «Мир одежды» дүкенінің сатушысынан қоңырау түсті. Құтқарушылардың оқиға орнына келуімен, ішетіндіктен әйелді пәтеріне, оның қызы жауып кеткендігі анықталды. Құтқарушылар, қызмен бірге пәтерге көтеріліп, ІІБ қызметкерлерін шақырды, содан соң учаскелік инспекторге тапсырды.  
  3. 14 сағ. 57 мин. 103 кезекші операторынан қоңырау түсті. 4 жасар бала 2-ші қабаттың ашық әйнек алдында тұрғандығы, пәтерде одан басқа ешкім жоқ екендігін хабарлады. Бала өміріне қауіп төңіп тұр. Құтқарушылардың көмегі керек. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, полиция қызметкерлірінің және жедел көмек дәрігерлерінің қатысуымен, альп.жабдықтар көмегімен, бала тұрған екінші қабатқа түсті және баланы өзіне байлап жерге түсірді. Содан баланы полиция қызметкерлеріне тапсырды.
  4. 14 сағ. 17 мин. Екібастұз-Павлодар трассасы, Қалқаман кен. Ауданы. Екі жеңіл автокөлік қақтығысқан, ЖКО уралы хабарлаған, ТЖД жедел кезекшісінен қоңырау түсті. Көліктердің бірінде жолаушы қысылып қалған. Оқиға орнына келіп, құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен машинадан зардап шеккенді алып шықты және «жедел көмек» қызметкерлеріне тапсырды.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

        «ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД     

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ 1-ші

құтқару бөлімшесі басшысының м.а.                                       Накенов Д.А.