kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Сауда нысандары мен кәсіпорын кеңселерін (иллюминация) көркем жарықпен безендіру» жүлдесі үшін қалалық конкурсты ұйымдастыру және өткізу ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ережелер.

1. Жаңа жыл мерекесінде халықтың бос уақытын қамту және қаланың сәулеттік бейнесін жақсарту мақсатында қалалық конкурсты өткізу және ұйымдастыру ережелері жасалды.

2. Осы ереже конкурсты өткізу және дайындық тәртібін анықтайды.

3. Конкурсты ұйымдастырушылар: «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы ЖК және АЖ» ММ, «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ.

2. Конкурсты өткізу тәртібі және шарты.

1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілердің бәрі: кәсіпорындар мен сауда нысандарының иелері қатыса алады.

2. Конкурс 2013 жылдың 25 желтоқсанына дейін өткізіледі.

3. Конкурс төменгі аталымда:

4. «Сауда нысандары мен кәсіпорын кеңселерін (иллюминация) көркем жарықпен безендіру».

5. Конкурс женімпаздары 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталады. Рәсім салтанатты түрде өткізіледі, мерекелік жағдайда табыс етіледі.

6. Конкурс шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Комиссия құрамы:

1. Флюза Фанусқызы Сафина - «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бастығының м.а., комиссия төрайымы.

2. Құсниден Зейнелғабиденұлы Қасенов - «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы ЖК және АЖ» ММ басшысы.

3. Жұмабаева Айжан Хамзақызы - «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза