Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тәуелсіздік күнін тойлау

Тәуелсіздік мейрамын тойлау аясында Екібастұзда кітап көрмелері, концерттер, сайыстар, спорттық іс-шаралар өткізіледі.

         Желтоқсанның 12-нен 17-не дейін қалалық және ауылдық кітапханаларда «Таулары тарих, даласы дастан қазақ елі» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.

        12 желтоқсанда «Өнер» қалалық мәдениет орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

         Қала басшысы Александр Вербняк құттықтау сөз айтып, қалалық мәслихат хатшысы Болат Құспековті, қаланың мемлекеттік мұрағатының  жоғары білікті мұрағатшысы Лидия Сагайдачнаяны «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапаттады. Және де ең мықты екібастұздықтар Екібастұз қаласы әкімінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

         Кездесу Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған концерттік бағдарламамен сүйемелденді.