Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бегі – халқын, халқы –бегін сыйлайтын елдің болашағы зор

          «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 24  инновациялық типтегі

жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру тәрбие жұмысының басты бағыты болып табылады.

         Тұңғыш Президент күнін тойлау қарсаңында мектепте Елбасының қызметі бойынша іс-шаралар өткізілді.  «Жасай бер, менің Қазақстаным!» концерті және «Елбасы - елімен бірге» жалпы мектепішілік салтанатты жиналыспен басталды. «Таңшолпан» хореграфиялық үйірмеге қатысушылар «Шаңырақ» композициясын орындады, оларды мектеп оқушылары ыстық ықыласпен қарсы алды. Бастауыш сынып оқушылары «Мемлекет лидері», «Тәуелсіздік», «Біздің Отанымыз» туралы орыс және қазақ жазушылар мен ақындардың шығармаларын мәнерлеп оқыды. Мектеп әртістерімен залда отырған көрермендер бірлесіп  «Қар барысы» атты әнді ұлдар вокал тобы, «Наурыз Аруы-2013» қалалық конкурс жеңімпазы Айдана Никанбекова «Алтын бесік» әнін орындады.

     Дене шынықтыру мұғалімдері Қ.Б.Шөпшин,  Ә.Н.Шакаров, Р.А. Куанышева,  Х.А.Желдібаев Денсаулық Президенттік сағат көлемінде  «Снайпер», «Көңілді старт» спорттық жарыстар, футбол, баскетбол бойынша біріншілік  өткізілді.

     Аға тәлімгер К.Н.Бежецкийдің жетекшілігімен «Жас Қанат» мектеп аймағы және «Жас Ұлан» БЖО мектептің белсенділері № 1 лицей оқушыларымен жолдастық дебат өткізді.  Қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Мектеп оқушылары осындай тоқталымға келді: халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер ретінде танылады.