kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Екібастұзда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында баспананың салтанатты ашылуы өтті

2013 жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін  мерекелеу қарсаңында Екібастұз қаласында екі тұрғын үйдің ашылуы өтті.

Бұл үйлер қайта қалпына келтірілген.

Энергетиков көшесі, 40-үй бойынша тұрғын үй баспанаға кезекте тұрған 35 жетім балалар, балалар үйінің  тәрбиеленушілері мен Екібастұздың әлеуметі осал тобының 10 тұрғындарына табысталды.

 Ломоносов көшесіндегі 13-үйде орналасқан 57 пәтерге Екібастұздың 29 жасқа дейінгі жұмыс істеуші әрі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нда жинағы бар жастары «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында ие болды.

Екібастұз қаласы әкімінің атынан әкімнің орынбасары Марданова Айгүл үйдің кілтін тапсыру рәсіміне қатысып, баспаналы болған жанұяларды қуаныштарымен құттықтады. Ол жаңа пәтер иелеріне зор денсаулық, бақыт және ұзақ өмір тіледі.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза