Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



13ж.20.11. бастап 13ж.27.11. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1.     16 сағ. 35 мин. туысы телефонға хабарласып өзіне қол жұмсағысы келетінін айтқаны жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті.  Құтқарушылар, медициналық қызмет басшысымен оқиға орнына келіп, шұғыл психологиялық көмек көрсеткеннен кейін, ер адам өзі сыртқы есікті ашты.  

2.     19 сағ. 35 мин. құлып желініп қалғандықтан, өз кілтімен сыртқы есікті аша алмай тұрғандығы жөнінде және пәтерде 6 жасар бала бар екендігін хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Зардап шеккендер жоқ.   

3.     01 сағ. 19 мин. қатты түтіндеп жатқан, көп қабатты үйдің бір пәтерінің сыртқы есігін ашуға көмек керек екендігін хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, сыртқы есікті ашты. Жанып жатқан төсектің бірін далаға алып шығарды, екіншісін су құйып сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.  

4.     17 сағ. 46 мин. есік ішінен ысырмаға жабылып тұрғандықтан өз пәтерінің сыртқы есігін кілтімен аша алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Пәтерде 3 жасар баласы бар. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, альп.жабдығының көмегімен 6-қабаттың балконынан қажет балконға түсті, балкон есігінен пәтердің ішіне кіріп, сыртқы есікті ішінен ашты. Зардап шеккендер жоқ.  

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:  22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82