Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары Б. Ә. Сағынтаев Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен келді

2013 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасы  Премьер–Министрінің бірінші орынбасары Б. А. Сағынтаев Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен келді.

ҚР  Премьер–Министрінің Бірінші орынбасарын Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын және Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк қарсы алып, жол көрсетіп отырды.

Бақытжан Сағынтаев «Орика-Казахстан» АҚ эмульсиялық матрица өндірісімен танысты. Өндіріс Қоянды ауылдық округінің Құрылысшы ауылынан 6,5 км жерде орналасқан. «Орика-Қазақстан» АҚ-ы әлемде жарылғыш заттар шығарушы көшбасшы компания -австралиялық «Орика» концернінің тобына кіреді. «Орика» концерні эмульсиялық жарылғыш заттар мен электрсіз жару жүйелерін жасаудың ең озық технологияларына,  электрондық I-Kon и Uni tronic жару, жаруды қашықтықтан басқару  жүйелеріне ие,  сондай-ақ концерн мамандандырылған араластырғыш-зарядтаушы арнайы машиналар паркімен жабдықталған. Зауыт өндірістік жарылғыш заттар құрамына енетін эмульсиялық матрица шығарады. Зауыт өнімі сапалы әрі арзан, оның құрамына аса қауіпті тротил қосылмайды. Инвестиция көлемі 2 млрд. теңгеден астам қаржыны құрайды. Зауыттың жылдық жобалық қуаты: эмульсиялық матрица 21 мың тонна, газбен оттанатын қоспа 60 тонна. Өндірістік қызмет көрсету: жылына Fortis Extra 70 – 30 000 тонна әзірлеу және оттандыру; жылына  ANFO – 6 000 тонна әзірлеу және оттандыру. Бүгінгі таңда зауытта 120 адам еңбек етуде.

Жұмыс сапары аясында ҮИИД бағдарламасы бойынша іске асырылатын «Проммашкомплект» ЖШС кәсіпорнында Бақытжан Әбдірұлы өндірістік бағдарламаның орындалу барысымен, бағыттап бұру және теміржол доңғалақтарын қайта өңдеу өндірісін дамыту перспективасымен танысты. Қаржы көлемі – 9,5 млрд. теңге. 2012 жылдың 3 шілдесінде өндірістің бірінші кезеңі іске қосылды. Өндіріс технологиясының артықшылығы суытып – қатайтатын қоспаларды  және барлық технологиялық операцияларды механизациялау мен автоматтандырудың жоғары сатысын қолдана отырып құюдың жаңа технологияларын пайдалану болып табылады, бұл өз алдына өңдеудің жоғары беріктігін және дайын өнімнің сапасын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына - 1000 бағыттап бұру, 1000 айқастырма, 2 000 жөндеу жинағын өндіру және 48,2 мың теміржол доңғалақтарын өңдеу болмақ. 2013 жылдың қаңтар-шілде айындағы тауар өндірісінің көлемі бағалау құнымен 6 130,0 млн. теңгені, заттай 265 бағыттап бұру жинағы, 700 жөндеу жинағын өндіру, 817 мың айқастырма, 12573 тұтас құйылған теміржол доңғалақтарын құрады. Қазіргі кезде 469 жұмыс орны құрылды.

Б. Ә. Сағынтаев жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында Екібастұз қаласында Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы және Социалистік Еңбек Ері, облыс пен қаланың Құрметті азаматы С. П. Куржейдің бастамасымен құрылған музыка мектебінде болды. Мектеп бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде «Богатырь Көмір» ЖШС, «ГРЭС-1» АҚ,  «ГРЭС-2» АҚ, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ демеушілік қаражатына бой көтеріп отыр Осы мақсатқа компаниялар 1,0 млрд. теңгеден астам қаражат бөлген. Ол заманауи стандарттарға сәйкес жабдықталған, барлық кабинеттерінде және концерт залында  арнайы дыбыс бәсеңдеткіш акустикалық материалдар пайдаланылған. 350 орынға шақталған концерт залы, қазіргі техникалармен жарақталған  оқу залы бар кітапхана, топпен сабақ өткізуге арналған интербелсенді кабинет, концерттер өткізу үшін шағын академиялық зал, қажетті жабдықтармен жарақталған хореография сабақтарын өткізуге арналған әмбебап залы жұмыс істейді. Оркестрлік, хор мен ансамбль кабинеттері де бар. Бүгінгі таңда 650 бала 10 мамандық бойынша білім алуда: домбыра, қобыз, фортепиано, скрипка, баян, аккордеон, флейта, гитара, домра, прима және шертер.