Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық концерт өтті

2013 жылдың 23 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін  мерекелеу аясында «Үміт» балалар үйінде Екібастұз қаласы музыкалық мектебінің концерті өтті.

         Музыкалық мектептің оқушылары Екібастұз балалар үйінің бүлдіршіндеріне өз өнерлерін көрсетті.

         Концерт кезінде музыкалық мектептің педагогтары мен оқушыларының орындауында көңіл-күйді арбытатын және толғандыратын домбырашылардың, пианисттердің және скрипкашылардың музыкалық шығармалары ойналды.

-        Балаларға өте ұнады, - деді балалар үйінің директоры Нағима Атайқызы.