kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Раушан Қонақбайқызы: Жылу мәселесі

Құрметті Александр Федорович!
Осыған дейін мен зал бөлмесіндегі жылудың нашарлығын айтып, сайтқа хат жазған едім. Хатыма Л.Векшина берген жауапқа наразылығым бар. Өйткені ол жауапқа қарағанда, мен үйім жылы болса да, суық деп, ерігіп отырған адам екенмін. Менің хатымнан соң Талас деген сантехник (жанында тағы бір әйел адам бар, ПИК қызметкері болар деп шештім) келіп, батарейлерді қарады. Өзінің "Энергетик-Сервис" ПИК-іне орналасқанына көп уақыт болмағанын айтты. Ұққаным: ПИК-те басшылық өзгеріпті. Осы сантехник жанындағы әйел адамның көзінше бізге пәтерімізде "обраткалар" дұрыс орнатылмағанын, ас үй мен залдың жылу жүйесін орнатуда шатасу барын айтты. "Плита жанып тұратын ас үйге жылуды қатты беріп, залды азайтқаны несі?" деді. Және ол кісі бізге бұрынғы сантехниктердің кесірінен болған мұндай ақауды қазіргі кезде жөндеу мүмкін еместігін, жазда қолға алатынын айтты. Біз ол кісінің шындықты айтқанына риза болдық. Ал бұл проблема туралы маған берілген жауапта неге бір ауыз сөз жоқ? Әлде ПИК кезінде жіберген қатесін мойындауға арлана ма? Екі күннен соң ПИК төрайымы келіп, бөлмелердің жылуын өлшеді. "Біз сайтқа жауап беруіміз керек!" деп келген соң, жасалған актіге қол қойып бердім. Әрине, бұл күндері далада қандай ауа райы болғанын бәріңіз білесіздер, сондықтан біздің үй де қайнап, желдеткішті ашып отырғанбыз. Ол рас. Ауа өлшемпаз болса, ПИК басшылары қаңтар-ақпан айларында тағы келіп кетуін сұраймын! Адамды еріккен сияқты қылып көрсететін бостекі жауаптың орнына жауапты адамдар біздің жылу жүйемізді жөндеу жоспарын ПИК-тің жазғы жоспарына жазып қоюын өтінемін!

Құрметті Раушан Қонақбайқызы!

 

            Екібастұз қаласы әкімінің сайтына қайталанып келіп түскен Сіздің қонақ бөлмеде жылумен жабдықтаудың  әлсіздігі мәселесі жөніндегі электрондық өтінішіңізге келесіні хабарлаймын.

            М.Әуезов көшесіндегі № 157 тұрғын үй 5 қабатты, 15 кірешекті, «Энергетик-сервис» ПИК қызмет көрсетеді.

2013 жылғы 18 қарашадағы комиссиялық тексерудің актісіне сәйкес, арыз берушінің пәтерінде өлшеу жүргізілді: қонақ бөлменің ауа температурасы +200 С жылы екені анықталды, яғни СНжЕ-на сәйкес. Ал қалған бөлмелердегі ауа температурасы +300 С жылы, белгіленген нормадан асып тұр.

«Энергетик-сервис» ПИК өкілдерімен арыз берушіге қонақ бөлме кері құбырға жалғанғандықтан, қонақ бөлмедегі ауа температурасы басқа бөлмелерге қарағанда төмендеу, алайда СНжЕ-ге сәйкестігі жөніндегі мәлемет жеткізілген  (акт көшірмесі қоса тіркелген).

Кондоминиум нысанын басқару ұйымы «Энергетик-сервис» ПИК ақпаратында келесі жылыту маусымына дайындық шаралары кезінде жылумен жабдықтаудың жүйесін кесіп, қайта орнату жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 10-б. негізінде Сіз қабылданған шешімді жоғарыда аталған Заңның 12-б. талаптарына сәйкес, қайта шағымдануыңызға  құқылысыз.

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

              ММ басшысы                                                                  Л. Векшина                                                                

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза