kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Республикалық мемлекеттік мекеме «бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша Департаментінің Екібастұз аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасы»

Қуанышбек Әбдіғаппарұлы Қасымбек, 1980 жылғы 5 қазанда Оңтүстік – Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Төрткөл ауылында дүниеге келді. 

1987 жылғы қыркүйек айында ОҚО Ордабасы ауданының Қ. Спатаев атындағы Төрткөл ауылдық орта мектебінің бірінші сыныбына барды. 1997 жылғы шілдеде орта мектепті аяқтағаннан кейін, Қазақстан Республикасының ІІМ Шымкент қаласының заңгер колледжіне, «құқыққорғау қызметі» факультетіне түсіп, 1999 жылы аталған колледждің толық оқыту курсын меңгерді, сонымен қатар Қарағанды қаласының Казпотребсоюз Экономикалық Университетінің «құқықтану» факультетінің сырттай бөліміне түсіп,  2001 жылы аяқтады.

Өз еңбек жолын,  1999 жылғы 27 қазанында Шымкент қаласының ІІБ 2 - бөлімінің патрульдік бөлімшесінің инспектор лауазымынан бастады. 2004 жылғы 15 қарашада ішкі істер органдарынан өз еркімен жұмыстан шықты.

2004 жылғы қараша айында қаржы полициясы органына, Павлодар облысы бойынша қаржы полициясы Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Басқармасының 1 - бөліміне инспектор лауазымына тағайындалды.

2006 жылғы қараша айында Павлодар облысы бойынша қаржы полициясы Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Басқармасының 2 - бөлім басшысының орынбасары, 2007 жылғы желтоқсан айында Павлодар облысы бойынша қаржы полициясы Департаментінің Солтүстік аймақ бойынша ауданаралық қаржы полициясының бөлім басшысы болып тағайындалды.

2010 жылғы сәуір айында Павлодар облысы бойынша қаржы полициясы Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылғы наурыз айында Павлодар облысы бойынша қаржы полициясы Департаментінің арнайы Басқармасының, діни экстремизм мен терроризмді заңсыз қаржыландыруға қарсы күрес бөлімінің басшысы болып тағайындалды.  

2014 жылғы желтоқсанда Павлодар облысы бойынша Департаменттің, Екібастұз аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

2016 жылғы 9 ақпанда Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Департаментінің Екібастұз аймағы бойынша  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауданаралық Басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, қазіргі уақытта да қызмет атқаруда.

Жұбайы Ботакөз Тажибаевна Бектұрғановамен үш бала тәрбиелейді: қызы Айкерім Қуанышбекқызы Әбдіғаппар, екі ұлы Шыңғыс Қуанышбекұлы Әбдіғаппар және Махамбет Қуанышбекұлы Әбдіғаппар.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Қонаев көшесі, 11.

Электрондық пошта: еkibastuz.pavlodar@nab.gov.kz 

Телефон-факс:  754646, 754551 (факс)

Азаматтарды қабылдау: әр аптаның сәрсенбі күні сағат 10:00-ден 13:00 дейін,  жұма күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін.                                                   

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза