kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қыс мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайлардан сақ болыңыз!

Қыс мезгілінде түрлі төтенше жағдайларға тап болуға болады. Қазақстанның көптеген өңірінде табиғаттың сұрапыл құбылыстары байқалады - олар: қалың қар басу, ақпанның қарлы борандары, аяздары мен көк тайғақтары. Міне осындай жағдайларда сәтсіз жағдайлар болмас үшін қыс мезгілінде әр адам апаттық жағдайдан аман – есен  шығуға үнемі дайын болу үшін төмендегідей қарапайым ережелерді сіздердің естеріңізге саламыз:

Қыстың аязды күндері жолға шығу керек болса:

-  метео мәліметтерден ауа-райының өзгерістерімен үнемі хабардар болып отырыңыз.

Жолда жаяу келе жатқанда боран басталса:

-  омбы қарды тереңдеу етіп қазып үңгір жасаңыз, қолда бар нәрселерден саңылау жасап саңылау жасаған затты тазалап отыру керек, аяғыңыздың астынан тереңдетіп шұңқыр қазыңыз, даладан келген суық ауа соған түсетін болады соның ішіне паналауға болады;

-  ұйықтамауға тырысыңыз, бар болса май шам немесе сіреңке жағыңыз бұл үңгірді аздап болсын жылтады. Тоныңыздың сыдарма ілгек, түймелеріңізді салыңыз, жеңдерін түзеңіз, балақтарыңызды шұлықтың ішіне салыңыз, баскиіміңізді киіңіз. Барынша аяқ, қолыңызды жылытуға тырысыңыз. Жақсы қымталған төсемеде отырыңыз. Шамаңыз келгенше бұлшық еттеріңізді қимыдатып жылы ұстаңыз.

 Қардан жасалаған үңгірге түнеген кезде: ішімдік ішуге, отты жағып қараусыз қалдыруға, түн кезінде үңгірден шығуға болмайды.

Автокөлікпен жолға шыққан кезде боран басталса:

-  машинадағы радиатор пердесін, радиатор жақтағы двигательді жылылап, орап жабыңыз;

-  мүмкіндігіңізше автокөлік двигателін жел соққан жаққа қойыңыз;

-  қар астында қалып қалмас үшін оқтын-оқтын автокөлік  маңайында жиналған қарды тазалап отырыңыз;

-  пайдаланылған газдың машина ішіне кірмеуін бақылаңыз, газ шығаратын тұрба қармен бітеліп қалмасын әлсін-әлсін тексеріп тұрыңыз .

Егер автокөлігіңіз жолда сөніп қалса :

- үрейленбеңіз жан жағыңызға қарап мезгілдің қай уақыты екенін, қай жерде тұрғаныңызды, қандай елді-мекеннен қанша ара-қашықта екеніңізді анықтап алыңыз;

- егер күткіңіз келсе, онда ұйықтамаңыз;

- жүре берем деген шешім қабылдасаңыз, жолдан шықпаңыз онда адасып кетпеуіңізге, қалың қарда қалмауыңызға көрсететін бағыт бар. 

Есіңізде болсын,

көліктердегі дөңгелектер бестен кем емес олар қандай болмасын ауа-райында  жақсы жанады.

Қатты тонған адамды жылыту тәсілдері:

- денені жылыту үшін + 40 С градустан жоғары емес суға түскен абзал;

- зардап шеккен адамды ыстық суға батырылған сүлгі, жайма жауып жылыту керек;

 

Өте қатты тонған адамның жеке мүшелерін жылыту өте қауіпті!

Далада жағылған алаудың  қасына онша ыстық болмағандай етіп  отырғызып абайлап өз денесінің жылумен жылытып қауіпті күйден шығару қажет. Өз-өзіне келген соң ыстық, тәтті шәй немесе кофе беріп, егер жүрегі айнып құсқысы келмесе тамақтандыру керек.Одан кейін жылы жерге көлденеңінен жатқызып демалдыру қажет,бір тәуліктен кем емес.

Есіңізде болсын,

Тонған адамды жылытқанша, тоңып қалмаудың алдын-алу жөн!

 

 

 

М.К. Хамитова, ТЖ басқармасының

 бас маманы

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза