Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Дельфий ойындарынан «Фиеста» жеңіспен оралды

2013 жылдың 21-25 қараша күндері Алматы қаласында «Дәстүрді сақтай отыра» ұранымен  IV Республикалық жастар Дельфий ойындары өткізілді.

Шығармашылық жарыстарға Қазақстанның 14 облысынан  классикалық, заманауи және халықтық өнерден он алты номинация бойынша командалар қатысты. 

Бес күндік жарыстардан кейін Юлия Федорованың жетекшілігімен  Екібастұз қаласындағы «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің «Фиеста» заманауи би ансамблі алтын медальді жеңіп алды. Ансамбльдің барлық қатысушылары жеке сыйлықтар мен медальдарға ие болды. 

Енді  «Фиеста»  Еуропада өтетін Халықаралық ойындарда біздің Республиканың намысын қорғайтын болады.