Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Маска» студиясы "Роза ветров в Казахстане" конкурсының дипломанты атанды

21 қараша күні Петропавл қаласында "Роза ветров в Казахстане" балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының екінші Халықаралық конкурсы өткізілді, онда қосымша білім беру педагогы Любовь Александровна Ермакованың жетекшілігімен «Маска» театр студиясы дипломант атанды.
       Біздің еліміздің жас дарындыларынан басқа ең өнерлі атағын алуға төрт күн бойы Ресейден келген қонақтар да күш сынасып бақты. Бірінші болып өнер көрсету оңайға түспейді. Алайда Екібастұз қаласындағы «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің «Маска» үлгілі театр студиясының балалары қобалжыған жоқ.  Кішкентай жұлдыздар қазылар алқасына «Витька Шитовтың  ғажайып  хикаялары»  қойылымын ұсынып,  таң қалдырды. Спектакль музыкалық,  сатира элементтері бар.

Шығармашылық байқау «Қайнар» ББК-нің дарынды жастары үшін нағыз шеберлік мектебіне айналды.