Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына қабылдау тәртібі

Көкшетау техникалық институтына (одан әрі – КТИ), орта мектепте 11 сыныпты оқып бітірген немесе бұрын аяқтаған, оқуға қабылдау кезде (1 тамызда) 17 жасқа толған, бірақ 25 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдайды.

Ауқымды дәстүрі  мен тарихы бар КТИ кәсіпті білгір мамандар құрамынан тұрады, қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Маман талғап жүрген жастарға, өз өмірін өрт қызметімен жалғастырамын деген азаматтарға оқу шартымен таныстырамыз.

КТИ-ға түскен курсанттар мемлекетпен толық қамтамасыз етіледі. Оқу кезінде жатахана, тамақтандару (күніне үш рет), өрт қызметіне арналған киімдер, оқуға қажетті оқулықтар тегін беріледі. Жыл сайын курсанттарға кезекті демалыс беріледі жазда ұзақтығы 30 тәулік, қысқы уақытта каникулдық демалыс ұзақтығы 14 тәулік.

Курсанттарға бос уақытта көркемөнерпазға қатысуға, спортпен шұғылдануға болады.

КТИ тәмәмдаған түлектерге «Өрт қызметінің лейтенанты» деген әскери атақ және оқыған мамандығының саласы бойынша, арнайы жоғары білім туралы диплом беріледі.

КТИ түлектері міндетті түрде ҚР мемлекеттік өртке қарсы қызметіне жұмысқа орналастырылады,  Әскери қызметкерлер мемлекет қаражатынан өрт  қызметіне арналған киімдермен тегін қамтамасыз етіледі  Жылына бір рет  еңбек демалысы беріледі  ұзақтығы 30-45 тәулік (еңбек сіңірген жылдарына байланысты). 45 жасқа толған офицерлер және ҚР мемлекеттік өртке қарсы қызметіне 25 жыл еңбек сіңіргендер (КТИ-да оқыған жылдары, қызмет мерзіміне кіреді), зейнетке шығуға құқығы бар.

Қабылдау шарты: институтқа жасы 17-25 аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады, бойы 170 см төмен болмауы керек, орта және орташа мамандандырылған білімі бар, денсаулығы әскери қызметке жарайтын, математика, физика, Қазақстан тарихы, тіл (қазақша немесе орысша), пәндер бойынша түсу емтиханын (тестерді) жақсы тапсырған, жоғары оқу орынында оқу мерзімі - 4 жыл.

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖ департаментінің «Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмысының қызметі» ММ-сі Көкшетау техникалық институтына түсу үшін үміткерлерді жинау жұмысын жүргізуде.

Барлық сұрақтар жөнінде мына мекен-жаймен хабарласуыңызға болады:

Екібастұз қаласы, Ленин көшесі 39, Төтенше жағдайлар басқармасы, телефоны 343010, 341971