Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала тұрғындарының назарына!!!

Күннің суытуымен қатар өрт оқиғаларына шығу жиеленіп кетті. Оның себебі  жылыту мезгілінің басталуы, жылыту жүйесін барынша пайдаланғандықтан, яғни  пештер үстін-үстін от жаққанды көтере алмайды. 

Пештерді пайдалану кезінде болған өрт оқиғаларына шолу:

2013 жылдың 8 ақпанында  208 кварталдағы, Деповская көшесіндегі үйдің ағаштан жасалған шатыры жанды, өрттің көлемі 6 шаршы м.;

2013 жылдың 19 ақпанында Новоселов көшесіндендегі  қаңқасы ағаштан құралған екі пәтерлі жеке тұрғын үйдің ағаштан жасалған шатыры жанды, өрттің көлемі 10 шаршы м.;

2013 жылдың 11 мамырында Әди Шәріпов атындағы  көшесіндегі жеке тұрғын үйдің монша шатыры жанды, өрттің көлемі 5 шаршы м.;

2013 жылдың 25 қыркүйегінде Строитель көшесіндегі  жеке тұрғын үй секторында моншаның ағашпен қапталған іші жанды, өрттің көлемі 12 шаршы м.

Жоғарыда көрсетілген фактылар бойынша өрттің көп жағдайда қыс мезгілінде, жеке меншік тұрғын үйлерде, шаруашылық құрылыстарда, моншаларда болатыны анықталды. Атап айтқанда бұл жерлерде  моржалар мен пештерге  жөндеу  өткізу және нақты  техникалық қызмет көрсету тәртібі белгіленбеген.

Барлық көрсетілген өрттер  моржалар мен пештердің  дұрыс жұмыс атқармайтындығынан, моржа мен тез жанатын құрылғыны бөлетін бөлгіштің жоқтығынан болып отыр. 

Пешті жағу кезінде болатын өрттің негізгі себептері:

-         жалынның қатты ыстық болғандығынан ғимарат қабырғалары  ысып, жануы, пештер мен моржалардың қабырғаларындағы саңылаулардан шыққан шоқтар;

-         құрылыс конструкциясымен пештің арасында белгіленген арқашықтықтың жоқтығы;

-         пештерге, моржаларға немесе жылыту құрылғыларына өте жақын тұрған заттардың жануы;

-         пешті жағу үшін тез тұтанғыш заттарды пайдалану, заттарға шоқтың ұшып тиюінен.

       Екібастұз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының сенім телефонын естеріңізге саламыз: 34-03-67; Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кадрлар жұмысы бөлімінің сенім телефоны: 8-7182-56-46-81, 8-7182-56-68-81, осы нөмірлер арқылы Екібастұз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мемлекеттік өртті қадағалау бөлім қызметкерлерінің заңға қайшы келетін іс-әрекеттері туралы хабарлай аласыздар.

 

      Екібастұз қ. ТЖБ МӨҚБ

      өртке қарсы қызмет лейтенанты                             А. Әлімов.