kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Селқостықтан шыққан өрттер

Өрт қауіпсіздік ережелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан мақалалар, бейне роликтер, ақпаратты мақалар жүйелі түрде шыққандарына қарамастан  адамдар қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін ұмытып жатады, немесе елемейді. Өрт оқиғалары көп жағдайда жеке тұрғын үй секторларында болып жатады, үстіміздегі жылдың қазан айының ішінде 6 өрт оқиғасы болды.

         Келесіге сіздердің назарларыңызды аударғандарыңызды сұраймын, үй ішінде  болған өрт  қана қауіпті болып қоймайды, сонымен қатар бір қарағанға үлкен қауіп төнгізе қоймайтын сияқты қоқыстардан шыққан өртті ең қауіпті өрт деуге болады, тек қана қазан айында қоқыстардағы болған 27 өрт оқиғасы тіркелінді. Дәл осы қоқыстардағы болған өрттердегі түтіннің құрамында нағыз токсины бар улы газдар бөлініп,  адамдардың денсаулығына үлкен зиян келтіреді. Төменгі қабаттарда тұратын пәтер иелерін материалдық шығынға әкеліп соғуы мүмкін, өйткені қатты ыстықтан терезе әйнектері жарылып, кейбір жағдайларда үй мүліктері де жанып кетуі мүмкін.

         Селқостықтан болған өрттерге байланысты мысал келтіргенді жөн көріп отырмын (пәтер иесінің аты-жөні мен мекенжайы айтылмайды). 2013 жылдың 26 қазанында 3 бөлмелі пәтер жанды. Өртті сөндіруге № 14-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 2 жауынгерлік есеп шықты. Пәтер иесі түтінмен тұншығып ҚОЕ жеткізілді. Өрттің себебі пәтер ішінде темекі тартқаннан болғаны анықталды. Өкінішке орай, осындай себептермен болған  өрт оқиғалары әлі де кездесіп жатады.

         Менің ойымша,  үйден шығар алдында   барлық электр құрылғыларының тоқтан ажыратылғанын, газ плиталарыңыздың бұрмасын тексеріп шығу қиындық туғызбайтын шығар.  Қандай да  қаунышты немесе қайғылы  көңіл күйде болсаңыз балконда тұрып немесе пәтер ішінде жүріп темекі тартпағаныңыз жөн. Осындай қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін естеріңізден шығармасаңыздар сіздердің және сіздерге жақын адамдарыңыздың өмірлеріне қауіп төнбейтініне күмәнім жоқ.

 

Екібастұз қ. ТЖБ МӨҚБ аға инженері                           

өртке қарсы қызмет майоры                                                     Е. Рогожина

 

 

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза