Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



13ж.13.11. бастап 13ж.20.11. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1.     20 сағ. 50 мин. ағасы есікті ашпйтындығы, және подъезде өліктің иісі шығып тұрғандығы туралы хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті.  Құтқарушылар учаскелік инспектордың көзінше сыртқы есікті ашты. Төр бөлмеде денеесі табылды.

2.     11 сағ. 59 мин. 1949 ж.т., 2-ші топтағы мүгедек туысы екі күн бойы есікті ашпайтындығы және телефон қоңырауларына жауап бермейтіндігі жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті, құтқарушылардың көмегі керек. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, учаскелік инспектордың көзінше арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, ер адам сыртқы есіктен алыс емес жерде, әлсіз күйінде жатты. Құтқарушылар оны жедел көмек дәрігерлеріне тапсырды. 

3.     10 сағ. 40 мин. құлпы жеңіліп қалғандықтан, сыртқы есікті аша алмай тұрғандығы және пәтерде оның 4 жастағы баласы бар екендігі туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдардың көмегімен есікті ашты. Бала пәтерде болды.

4.     17 сағ. 00 мин. екі жастар баласы ішінен есікті жауып алғандықтан  пәтеріне кіре алмай тұрғандығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен әйнек торын кесіп, пәтерге кірді.

5.     4 сағ. 02 мин. ІІБ кезекшісінен қоңырау түсті. Зорлау болып жатқан, пәтерлердің бірінін есігін ашу үшін құтқарушылардың көмегі керек екендігі жөнінде хабарлады. Полицейлік сөзінше қыз айғайлауда және көмек шақыруда. Құтқарушылар мекен жай бойынша келіп, кезеші прокурордың және полиция қызметкерлерінің көзінше арнайы құралдың көмегімен есікті ашты, осымен полицейлерге жол шаты. Пәтерде шынымен де қыз бен жігіт болған. Жігіт өз тамырларын кескендіктен,  жедел көмек қызметкерлерін шақырды.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ 3-ші

Құтқару бөлімшесінің басшысы                                           Оспанов М.М.