Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ ЕГРЭС-1 СТАНЦИЯСЫНЫҢ КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЯРЛЫҒЫМЕН ТАНЫСЫП ШЫҚТЫ

Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ң 2013-2014 жылдарғы күзгі-қысқы максимум кезеңіндегі даярлығымен танысып шықты. Бүгінде бұл станцияда жылпы құны 1 млрд АҚШ долларынан астам болатын «Қазақмыс» Тобы мен «Самұрық-Энерго» АҚ-ң ұзақмерзімді инвестициялық бағдарламасы іске асырылуда. Ол жұмыс істемей тұрған екі энергоблокты қалпына келтіруді, жұмыс істеп тұрған бес энергоблокты және жалпыстанциялық жабдықтарды капиталдық жөндеуден өткізіп, модернизациялауды, тазартушы электр сүзгілерін орнатуды көздейді.

Қазіргі уақытта екі энергоблок жұмыс істеп тұр, ал екі энергоблок резервте тұр. Станциядағы барлық алты энергоблок жұмысына кіріскенде станция 3000 МВт қуаттылығына жетеді. 2013 жылдың 9 айы ішінде ЕГРЭС-1 станциясында 10 032 млрд. кВтсағ электр энергиясы өндірілген. 

Қазіргі кезде отынның қоры 465 357 тонна көмірді құрап отыр, мазут 1771 тонна, жылдың соңына дейін тағы да 1 500 тонна мазут сатылып алынады. 2013 жылдың жөндеу жүргізу науқаны кезінде № 4, 6 және 8 энергоблоктарында ағымды жөндеу, №5 және №3 энергоблоктарына электр сүзгілерін орната отырып, ағымды күрделі жөндеу және де электр сүзгілерін орната отырып, №7 энергоблокта капиталдық жөндеу жүргізілді. Тиімділігі жоғары болатын тазартушы екі электр сүзгісінің орнатылуы атмосфераға таралатын зиянды заттардың ауқымын қысқарту бағдарламасындағы маңызды кезеңдерінің бірі аяғына жеткізіледі. Қазіргі сәтте тиімділігі жоға заманауи электр сүзгілері станциядағы жұмыс істеп тұрған барлық энергоблоктарда орнатылған. 

Күзгі-қысқы кезеңге даярлану үшін 64 іс-шарадан тұратын бағдарлама іске асырылды. Аварияға қарсы автоматикаға және өрт сөндіру жүйелеріне тексеріс жасалды, жеке қорғану құралдарының болуы, оқыс жағдайларда жұмыс жасау бойынша қызметкерлер құрамының аварияға қарсы шара қолдану жаттықтырулары және т.б. көптеген жағдайлар тексерілді.

«Осы атқарылған жұмыс пен біздің жұмыскерлеріміздің кәсіпқойлығы станциямыздың максималды жүктемемен жұмыс істеу кезеңінде сенімді әрі іркіліссіз жұмысын қамтамасыз етуге бізге мүмкіншілік беретіндігіне сенімдімін», – деді өз сөзінде кәсіпорынның бас директоры Рысқан Свамбаев.

Қосымша толықтай ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

 

Қазақмыс Тобы

 

 

Мақсұт Жапабаев

Алматыдағы корпоративтік байланыстар департаментінің басшысы

Тел:  +7727 2440353

«Самұрық Энерго» АҚ

 

 

Орал Қарпышев

Басқарма Төрағасының жұртшылықпен байланыс жасау жөніндегі кеңесшісі

Тел:  +77 172 553   062

«ЕГРЭС-1» ЖШС

 

 

Елена Шеина

БАҚ-мен байланыс жасау жөніндегі менеджер

Тел:  +77 187 298   142

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - белгіленген қуаттылығы 4000 МВт болатын, электр энергиясын өндірумен және таратумен айналысатын, конденсациялық типтегі жылу электр станциясы. ЕГРЭС-1 станциясын тепе-тең негізде «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы мен Қазақмыс Тобы иеленіп отыр. Станцияның пайдаланатын негізгі отыны - Екібастұз кен орындарынан өндіріліп шығарылған тас көмір. Станцияда өндіріліп шығарылған электр энергиясының басым бөлігі Қазақстанның энергетикалық нарығында үлестіріледі.