Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар облысының әкімі Е. М. Арынның Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен келуі

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Павлодар облысының әкімі Е. Арын жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келді.           

         Өңір басшысы жұмыс сапары аясында № 25 «Ақ бота» бөбектер бақшасының салтанатты ашылуына қатысты. Бала бақшаны қалпына келтіру жұмыстарына қалалық бюджеттен 39 млн. теңгеден астам, материалды-техникалық қорын жарақтауға 32 млн. теңге шамасында қаржы бөлінді. Бұл жерде 12 топ, дене шынықтыру және музыка залдары, қазақ тілі, сенсорика және Монтессори педагогикасының кабинеттері, медициналық блог жұмыс істейтін болады.

Содан кейін Ерлан Мұхтарұлы техникалық–шығармашылық мектептің ашу рәсімін өткізді. Мектепті қалпына келтіру жұмыстарына қалалық бюджеттен 20 млн. теңгеден астам, материалды-техникалық қорын жарақтауға 3,2 млн. теңгеден астам қаражат  бөлінді.      

         Техникалық–шығармашылық мектеп: әуе-, кеме-, автомодельдеу, радиотехникалық, қолданбалы қол өнері, сәулеттік зертхана, 1 ақпараттық технологиялар кабинетін, 1 шеберхана мен 1 көрме залын құрайды. 11 компьютер бар, оның 3 – і зертханаларға орнатылған.

         Мектептегі оқушылардың жалпы саны – 420 оқушы.

Бұдан басқа Ерлан Арын «Промсервис-Отан» хоккей клубына барып, өңір басшысы ҚР Президент күніне арналған қалалық балалар командалары арасындағы хоккей турнирінің кезекті жарысының  ашылуына қатысты. 

        2011 жылы шет елден жеткізілген мұздатқыш жабдығы мен мұз алаңшасына борт орнату іске асырылған. Жарықтандыру мен желдеткіштерді толығымен қайта жарақтау жүргізілген. Киім ауыстыратын орын мен жуынатын бөлмелері жабдықталды.

2013 жылы кіреберісі кеңейтіліп, жаңа әкімшілік және қосалқы жайлары іске қосылды.

Көрермендерге ыңғайлы болу үшін хоккей кортының мінберіне кіреберіс жолы жабдықталған.  Кофе-шай ішу де қарастырылған.

Сондай – ақ, облыс әкімі жұмыс сапары барысында ГРЭС – 1-ге барды, ол жерде жылыту маусымының өту барысы туралы жиналыс өткізді.