Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда облыстық ақындар айтысы өткізілді

2013 жылдың 17 қарашасында «Өнер» қалалық мәдени орталығында «Атамұра» мәдениет орталығының 20 жылдығына арналған халқымыздың өшпес өнері мен мәңгілік мұрасын болашаққа насихаттаған облыстық ақындар айтысы өткізілді.

         Айтысқа Павлодар, Баянауыл, Ақтоғай және Екібастұздың танымал айтыскерлері қатысты.

         Суырып салма шеберлерінің жарысы қызықты әрі тамаша өтті. Ақындар Қазақстанның тәуелсіздігін жырлап, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізге сіңірген еңбегін атап, «Атамұра» мәдениет орталығының 20 жылда жеткен жетістіктері мен атқарған қызметін жырға қосты. Сондай-ақ, қоғамдағы мәселелерді көтерді.

       Нәтижесінде орталықта 8 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан «Атамұра» мәдениет орталығының көркемдік жетекшісі, айтыскер ақын Алмагүл Жүгінісова бас жүлдені  жеңіп алды.

       1-орынды павлодарлық Қуаныш Шарманов, 2-орынды орталықтан қанаттанған Рауан Қайдаров, 3-орынды Павлодардан келген Бейбіт Бөжен иеленді.

       Баянауылдық Аспанбек Шұғатаев «Түсіпхан Қасымжанов» номинациясын, ал  павлодарлық Оңғар Қабденов «Жүрсін Бәтенұлы» номинациясын иеленді. Жүрсін Бәтенұлының отбасы тағайындаған арнайы жүлде Нұрғанат Қайратқа бұйырды.

         Бес сағатқа созылған айтыс, көпшіліктің көңілінен шыға білді.