Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Раушан Қонақбайқызы: жылу мәселесі

Биыл екінші жыл пәтеріміздің зал бөлмесінде жылу нашар. Мен зейнеткермін, менімен бірге тұратын балам - 2-топтағы мүгедек. Былтыр қақаған қысты тоңып-жаурап өткіздік. Сайтқа жазып едік, әкімдіктен бір маман келіп, ақыры өзімізді "батарейлерің бітелген" деп кінәлады. Артынша басқа КСК-дан сантехник шақырып, жертөледен су жіберткізіп едік, батарей қайнап шыға келді (бітелгені қане?). Бірақ келген сантехник біраз уақыттан соң батарей қайта суйитынын ескертті. Оның айтуынша, жылу желісінде бір ақау бар сияқты. Бізде ғана емес, үстіміздегі пәтерлердің бәрінде зал бөлмелерінің жылуы болар-болмас. КСК-ға хабарласып едім, сантехниктер бос еместігін айтты. Одан бері де біраз уақыт өтті. Былтырғыдай әкімдіктен қолына қағаз ұстаған маман келіп, қырық сылтау айтып құтылмай, одан да сантехниктер келіп, жылуымызды жөндеп берсінші. Тегін сұрап отырған жоқпыз. Мекенжайымыз: Әуезов көшесі, 157-45

Құрметті Раушан Қонақбайқызы!

 

            Екібастұз қаласы әкімінің сайтына келіп түскен Сіздің залда жылумен жабдықтаудың әлсіздігі мәселесі жөніндегі электрондық өтінішіңізге келесіні хабарлаймын.

            М.Әуезов к-сіндегі № 157 тұрғын үй 5 қабатты, 15 кірешекті, «Энергетик-сервис» ПИК қызмет көрсетеді.

2013 жылғы 18 қарашадағы комиссиялық тексерудің актісіне сәйкес, Сіздің пәтерде өлшеу жүргізілді: залдың ауа температурасы +200 С жылы екені анықталды, яғни НжЕС-на сәйкес. Ал қалған бөлмелердегі ауа температурасы +300 С жылы, белгіленген нормадан асып тұр.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 10-б. негізінде Сіз қабылданған шешімдіжоғарыда аталған Заңның 12-б. талаптарына сәйкес, қайта шағымдануыңызға  құқылысыз.

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

              ММ басшысы                                                                  Л. Векшина