Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Копеева Маржан: Жалдамалы пәтер

Құрметті Александр Федорович! Біз, Әуезов көшесі, 157-үй 4-подъезд тұрғындары, 17 қазанда жазған шағымымыздан ешбір мән шықпағандықтан, қайта хат жазып отырмыз. Біздің подъездегі 1-қабаттағы 44-пәтер жалға берілуде. Түнімен айғай-шу, төбелес, ұрыс-керістен ұйықтай алмаймыз.
1. Бұл пәтер иелері кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлей ме? Салық басқармасына неге хабарламайсыздар?
2. Подъезді осы пәтерге келген келімсектер шашып кетеді. КСК мен полиция қосылып бұл үшін неге айыппұл салмайды? Қашанғы олардан қалған сыраның шишаларын таптап жүруіміз керек?
3. Пәтердегі тыныштықты тәртіп сақшылары үнемі назарда ұстауын сұраймыз.
4. Өткен жолғы хатқа жауап қазақ тілінде түсініксіз жазылыпты, жауапты дұрыстап сауатты беріңіздерші, үтір-нүктесін дүрыс қойып. Біздің мәселемізді шешудің орнына Қ.Қасенов мырза сырғытпа жауаппен құтылыпты, біз нақты тыныштықты сұрап отырған жоқпыз ба, ол кісі қосалқы жайттарға ғана жауап беріпті. Әрі-беріден соң, коммуналдық төлемдер төленбесе, төленбесін, оған біздің неміз кетеді? Сіздерге қажет емес болса, бізге де қажет емес ол. Сол жауаптың өзі аса сауатты жазылмаған. Неге Қасенов қана жауап берген? Неге Д.Сиразидимов жауап бермеген?

Құрметпен, осы подъездің барлық тұрғындары

Құрметті Маржан!

 

Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына келіп түскен өтінішіңізді қарай келіп, келесіні хабарлаймын.

Сізге Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының функциясына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бақылау құзыреті жатпайтынын түсіндіреміз.

Қазақстан Республикасы Салық кодексі 20 – бабының 3) тармақшасына сәйкес салық қызметі органдары салық төлеушінің - салық міндеттемесін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті осы Кодексте белгіленген тәртіппен орындауына салықтық бақылауды, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды есептеудің толықтығы мен төлеудің уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың уақтылылығын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық аударымдарды жүргізуі  мәселесімен Сіз Екібастұз қаласы бойынша салық басқармасына жүгінуге құқылысыз.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасы негізінде адамдарды қоғамдық тәртіпке қастандық келтіретін әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша функциялар ішкі істер органдарының өкілеттігіне жатады. 

Қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды жауапкершілікке тарту мәселесімен Сіз Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасына жүгінуге құқылысыз.   

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 - бабы негізінде Сіздің қабылданған шешімге шағымдануға құқыңыз бар.

  

Екібастұз қаласы әкімі

аппаратының басшысы                                                             М. Адасбаева