Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2013 ж.11.09 бастап 2013 ж.18.09. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел құтқару жасағы» ММ күшімен жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары

1.     11 сағ. 20 мин. қарт көршісі екі тәулік бойы пәтерінен шыға алмай жатқандығы туралы хабарлаған ер дамнан қоңырау түсті. Құтқарушылардың көмегі керек екендігін айтты. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, іргелес балконнан сол пәтердің балконына түсті. Ішінен құлыпты бұзып, сыртқы есікті ашты.

2.     17 сағ. 31 мин. 1,5 жастағы баласы ішінен ысырмаға жауып алғандықтан, сыртқы есікті аша алмай тұрғандығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдардың көмегімен сыртқы есікті ашты.

3.     19 сағ. 59 мин. түтін шығып жатқан гараждың есігін ашу үшін құтқарушылардың көмегі керек екендігі жөнінде хабарлаған 101 кезекшісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдардың көмегімен темір есікті ашты. Осымен өрт сөндірушелерге жол ашты.

4.     21 сағ. 18 мин. зейнеткер жастағы көршісі құлап қалғандығы және тұра алмай жатқандықтан, өздігінен есікті аша алмайтындығы жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, 6-қабаттың балконынан өрт сөндірушілер сатысынан қажет балконға түсіп, арнайы құралдардың көмегімен балкон есігін ашты және пәтерге кірді. Зейнеткер дәлізде жерде жатты. Құтқарушылар диванға жатқызып жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.   

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондарына қоңырау шалуларыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

   

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

    Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

        4-бөлімшесінің басшысы                                     Ж. К. Каирбаев