Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Шиқылдақ ауылы әкімінің қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 3. «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.

4. «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.     

7. «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері. Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141216, Екібастұз қаласы, Шиқылдақ ауылы.

9.  Мемлекеттік органның - «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің толық атауы:

         мемлекеттік тілде: «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

         ресми тілде: государственное учреждение «Аппарат акима села Шиқылдак города Экибастуза».

10. Осы Ереже «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай  құжаты болып табылады.

11. «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен, «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

           Егер «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне  заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы (мәні, мақсаты), негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

13.  «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы (мәні, мақсаты): Шиқылдақ ауылы әкімінің қызметін ақпараттық-талдаулық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалды-техникалық қамтамасыз ету.

14.  Міндеттері:

         1) Шиқылдақ ауылы әкімінің оған сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты  жүзеге асыру жөніндегі қызметін қамтамасыз ету;

         2) ауылдық өңірдің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдіспен шешуде, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты, экономикалық дамуды, қазақстандық патриотизмді, консультациялық ұстанымдарын іске асыруға ықпал ету;

         3) ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын әзірлеуге қатысып, Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес  әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудың тетігін және жолдарын жетілдіру;

         4) мемлекеттік органның құзырына қатысты мәселелер бойынша облыстық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс - қимыл  жасау;

         5)  ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

         6) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны ластауының алдын алу және жою;

         7) мемлекеттік бағдарламаларды және әлеуметтік салада, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы жер қатынастары және кәсіпкерлік саласындағы функцияларды іске асыру.

15. Функциялары:

1) әкімнің отырыстарын, әкімнің қатысуымен болатын іс-шаралардың, кеңестердің, семинарлардың ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық – талдаулық, кеңестік және материалды-техникалық дайындығын және өткізілуін қамтамасыз ету;

2) әкімнің нормалық шығармашылық қызметін қамтамасыз ету;

3) азаматтарды құқықтық қорғаудың тиімді мемлекеттік тетігін қалыптастырудың негізгі бағыттары бойынша әкімге ұсыныс жасау;

4) қала әкіміне мемлекеттік наградалармен марапаттауға, қала әкімінің мадақтауына және құрмет атағын беруге ұсыныс енгізу;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес ауылдық округ әкімінің әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселесі бойынша құзырын іске асыру;

6) ауылдық округтің ішкі саяси жағдайына талдау жасау, қоғамдық пікірді зерделеу, саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалдың дамуын болжау, қоғамдық мәні бар мәселелер жөнінде ұсыныстар дайындау;

7) ішкі саясат мәселелері бойынша ақпарат жинау, өңдеу және ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдаулық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге  асыру;

8) мемлекеттік органның құзырына жататын қоғамдық мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен  өзара іс-қимыл жасау;

9) коммуналдық заңды тұлғаларды басқару;

10) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және  қызметтерді  мемлекеттік сатып алуды өткізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

12) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру;

13)  салық және басқа төлемдердің мезгілінде түсуіне ықпалдасу;

14) заңнамамен  белгіленген тәртіпте нотариаттық іс - қимылдар жасауды ұйымдастыру;

15) ауылдық округ шегінде жер пайдаланумен байланысты  мәселелерді шешу;

16) әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

17) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

18)  табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

19) қылмыстық - атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету, әрі басқа да әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету;

 20) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастыру;

21) қоғамдық жұмыстарды, жастар тәжірибесін және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;

22) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс – шараларды жүргізуді ұйымдастыру;

23) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мәдени – бұқаралық және ағарту іс –шараларын ұйымдастыру;

24) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру;                      

25) халықтың әлеуметтік осал тобына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;                      

26) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етуге ықпалдасу;

27) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына ықпалдасу;

28) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастыру;

29) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін  жеткізіп салуды ұйымдастыру;

30) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;

31) шаруашылықтар бойынша есеп жүргізуді жүзеге асыру;

32) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

33) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастыру және су пайдалану мәселелерiн реттеу;

34) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

35) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

36) кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізу; 

37) аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық (селолық) жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру;        

38) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.   

         16. Құқықтары мен міндеттері:

1) осы Ережемен қарастырылған өкілеттілікті іске асыру мақсатында  заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұратып алуға құқылы;

2) кадр жұмысына және мемлекеттік қызметтің жағдайына,  мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дайындық деңгейіне талдау жасап, кадрлар резервін қалыптастырады;

3) лауазымға тағайындау және лауазымнан босату кезінде материалдарды ресімдейді, ауылдық округ әкімімен тағайындалатын және келісілетін лауазымды тұлғалармен мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты басқа да мәселелерді шешіп, олардың жеке істерін жүргізеді;

4) Шиқылдақ ауылы әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерін тіркеуді жүргізеді;

 5) Шиқылдақ ауылы әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерін, консультациялық-кеңестік органдардың құжаттарын жариялауды, тиісті рәсімдеуді және таратуды қамтамасыз етеді;

6) мемлекеттік органда іс жүргізуді ұйымдастырады;

7) қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

8) азаматтарды  қабылдауды  ұйымдастырады;

9) құжат айналымына, сонымен қатар, Шиқылдақ ауылы әкімінің атына түсетін хат-хабарларға талдау жасайды;

10) Шиқылдақ ауылы әкімі актілерінің сақталуын, жүйелілігін және кодификациясын қамтамасыз етеді;

11) «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде құпия тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне құпия құжаттарына рұқсат беру материалдарын ресімдейді;

12) мемлекеттік тілді енгізуге, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын іске асыруға, іс жүргізу ережелерін сақтауға және оларды жетілдіруге, жұмыс тұрпатын және әдісін жақсартуға, жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге бағытталған шараларды қабылдайды;

13) әскери міндеттілер мен шақырушыларды бастапқы есепке алуды ұйымдастырады;

14) профилактикалық және диагностикалық жұмыстар бюджеттік қаржы есебінен жүзеге асырылатын эпизоотиялық аурулар тізбесі бойынша қалалық әкімдікке ұсыныстар енгізеді;

15) ауыл шаруашылық жануарларын сәйкестендіру бойынша іс-шараларды өткізеді және ауыл шаруашылық жануарларын сәйкестендіру жөніндегі деректер қорын жүргізуді қамтамасыз етеді;

16)  ветеринария мәселелері бойынша тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;   

17) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте ветеринарлық есеп пен есептілікті жүргізеді, оларды облыстық маңызы бар қаланың атқарушы органына тапсырады;                                                                                                       

18) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы індеттері туындаған жағдайда,  бас ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік инспектордың ұсынысымен аймақта карантиндік режимін және шектеу қоятын іс-шараларды енгізе отырып, карантиндік аймақтық ветеринарлық режимін белгілеу туралы шешім қабылдайды;   

19) жұқпалы аурулар бар жануарлар ошағын жою бойынша  ветеринарлық іс-шаралар кешенін өткізгеннен кейін, Шиқылдақ ауылы бас ветеринарлық мемлекеттік инспекторының ұсынысына қарай тиісті аумақтарда шектеулі іс - шараларды немесе карантинді алу туралы шешім қабылдайды;

20) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринарлық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін ветеринарлық іс-шаралар жөнінде облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарына ұсыныстар жасайды;

21) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ветеринарлық іс-шараларды жүргізеді;

22) жануарлардың аса қауіпті эпизоотикалық індетіне қарсы ветеринарлық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

23) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

24) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

25) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

26) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

27) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

28) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

29) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

30) кіріс көздерін қалыптастырады;

31) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;

32) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

33) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;

34) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

35) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 165, 300, 311 және 387- баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тарту;

36) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты поселке әкімі жүргізеді және  «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

18. Ауылдын әкімін Екібастұз қаласының әкімі тағайындайды және қызметінен босатады.

19. Шиқылдақ ауылы әкімінің өкілеті:

         өз қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттілігін белгілейді;

         заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

         заңнамада белгіленген тәртіпке қарай қызметкерлерге әкімшілік жаза қолданады;

         барлық  қызметкерлерге  міндетті  өкім  шығарады, нұсқаулар береді;

         мемлекеттік мекемелерде және басқа да ұйымдарда мемлекеттік органды ұсынады;

         әр тоқсан сайын қазыналық органдарға мемлекеттік мекеменің төлем төлеуін, соның ішінде ақша алушылардың белгілі шоттарының тексерілуін қамтамасыз етеді;

         мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–әрекет бағытында шара қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылданылуа  дербес жауап береді;

         заңнамаларға сәйкес басқа да іс-шараларды жүргізеді.

         мемлекеттік органның бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілетін  орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

20. «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген (мемлекеттік органның атауы) мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

21. «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

22. «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

23. «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.