kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Ауыл тарихы

Шиқылдақ көлі мен  Шідерті өзенінің аралығындағы ен далада ең алғаш совхоз орталығы болады деген ұйғарыммен үй салына бастағанда, алғашқы болып 8 үй бой көтерді. Сол уақытта ол жер «Сегіз үй» атанған. Кейіннен совхоз орталығы болып, кеңейіп, көркейе түсті. Ал колхоздандыру кезінде бұл елді мекен «Кедей орда» деп аталған екен. Бертін келе бұл жер Киров атындағы колхоз деп атанды. «Комсомол» совхозы 1961 жылдың 30 қыркүйегінде облыстық шаруашылығы басқармасының № 682 бұйрығына сәйкес өндірістік совхоз ретінде құрылған, ол кезде  Баянауыл ауданына қараған. Совхоз қой, сиыр, жылқы өсірумен, егін салумен айналысты. 1972 жылдан бастап  «Комсомол» совхозы Екібастұз ауданына қарады. Кеңшардың әр кездегі басшылары: Панабек Жолдасбеков, Құсан Балтабеков, Ақан Файзуллин, Қабылтай Абдрахманов, Сембай Әубәкіров, Серік Ысқақов, Мадияр Бейсенов, Қайрат Ахмедияров, Батан Шарипов, Нығмет Қосыбаев, Николай Чернов, Қабиболла Темірғалиев, Зекен Темірғалиев, Захар Ильин.

 Еліміз егемендік алған соң ел мен жер атына ие бола бастаған уақытта бұл ауыл да өзінің бұрынғы атымен Шиқылдақ атанды. Негізгі тарихына үңілер болсақ, Шиқылдақ - кісі аты. Бұл жер сол адамның қонысы болған. Кейбіреулер айтқандай, «құс шиқылдағаннан айтылған» деген сөз бекер. Көлдің сыртындағы Сарытөбенің бауырында сол адамның зираты бар.

Шиқылдақ ауылы, Екібастұз қаласының онтүстік-батыс жағында орналасқан. Жалпы алғанда ауыл-шаруашылық 116 000 гектар жері бар. Бүгінгі күні  ауыл тұрғындарының саны 505 адам.

Мал шаруашылығымен айналысатын 17 шаруа қожалықтары және 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастырылған. Негізгі іс-әрекет – мал шаруашылығы.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза