Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ауылдықтарға ауыз су берілді.

Теміржол ауылдық округі бөлімшесінің тұрғындарына таза ауыз су берілді.

Ауыз судың мәселесін бөлімше тұрғындары 2019 жылдың желтоқсан айында қала әкімі Ержан Иманзаиповке азаматтарды көшпелі қабылдауында айтқан еді. Әкім ұңғыманы қарап шығып, ауыл тұрғындарына 2020 жылдың бірінші тоқсанында кешенді блок-модуль орнатылатынына уәде етті. Ұңғыманың бұрынғы орнына мердігер ұйым  "Гурин" ЖК құны 4 млн 300 мың теңге тұратын кешенді блок модуль орнатты.

– Бұрын тұрғындар орталық-Құлакөл ауылынан су тасымалдаған.
Осы ұңғымадан ішуге жарамсыз техникалық су ағатын. Қазір су таза, барлық жабдықтар жаңадан орнатылды. Тазалау ультрафильтрді  қолданудың арқасында судан зиянды заттар жойылады дейді округ әкімі Ерлан Қасеналин.

  - Біз  суды орталықтан тасудан шаршадық.  Әсіресе өз көлігі жоқ адамдарға қиын болатын. Біз  өте қуаныштымыз және судын сапасына ризамыз. Барлығына рахмет деп бөлімше тұрғыны Рымкеш Мұсабекова алғысын білдірді.

Қала басшылығының атынан ауылдық блок-модульдің ашылуымен қала әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметов құттықтады. Тұрғындармен бірге
суды сынаған ол, сапасына жоғары баға берді.