Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



13ж.30.10. бастап 13ж.06.11. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1.     20 сағ. 47 мин. жалғыз тұратын, қарт көршісі пәтерінде құлап қалғандығы және өздігінен сыртқы  есікті аша алмайтындығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті.  Құтқарушылардың көмегі керек. Құтқарушылар, оқиға орына келіп, арнайы құралдардың көмегімен сыртқы есікті ашты. Әжейді бөлмелердің бірінде жерде жатқан күйінде тапты. Медициналық көмектен бас тартты, көршісінің қамқорлығына қалдырылды.

2.     22 сағ. 37 мин. құлпы желініп қалғандықтан сыртқы есікті аша алмай тұрғандығы және пәтерде оның 6 жастағы баласы бар екендігі және есіктің қағысына, телефон қоңырауларына жауап бермейтіндігі туралы хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдардың көмегімен есікті ашты. Бала қатты ұйықтап жатқан.

3.     02 сағ. 05 мин. Қонаев көшесінде ВАЗ 2109 және Камаз екі автокөлігі қақтығысқаны, қысылып қалғандар бар екендігі, құтқарушылардың көмегі керек екендігі туралы хабарлаған жедел көмектің кезекші операторынан қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, арнайы құралдардың көмегімен ВАЗ жүргізушісін алып шықты және оны жедел көмек дәрігерлеріне тапсырды.

4.     15 сағ. 58 мин. бөлме аралық есігін аша алмайтындығы және бөлмеде 2 жасар баласы бар екендігі туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдардың көмегімен аралық есікті ашты, бала бөлмеде болды.

5.     07 сағ. 44 мин. 4 жасар немересі саусағына сақина киіп, шеше алмайтындығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сақинаны кесіп алып, саусағынан шешті.

6.     23 сағ. 40 мин. әжесі екі тәулік бойы сыртқы есікті ашпайтындығы және телефон қоңырауларына жауап бермейтіндігі туралы хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Әжей бөлмелердің бірінде кереутте жатты. Құтқарушылар жедел жәрдемді шақырды.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ 1-құтқару

    бөлімшесі басшысының м.а.                                           Накенов Д.А.