Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



"Нұрлы Жер" бағдарламасы іске асырылуда.

Екібастұз қаласындағы төрт көппәтерлі тұрғын үйді, яғни Энергетиктер к. 71 (шатырды реконструкциялау), Пшембаев к. 27 (шатырды реконструкциялау, үйдің периметрі бойынша төсем және электрмен жабдықтаудың инженерлік желілерін күрделі жөндеу), Кеншілер к. 15В (шатырды реконструкциялау), Энергетиктер к. 42 (шатырды реконструкциялау, төсемдер мен кірешектерді күрделі жөндеу) «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасымен ортақ мүлікті күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Күрделі жөндеудің әрбір түрі әзірленген жобаға сәйкес үйдің жаңа элементтері мен конструкциясын тұрғызуды тұспалдайды. Шатырды реконструкциялау: тазалаудан, кірпіш қалау мен желдеткіш шахталарын жылылаудан, өртке қарсы қабырғаларды салудан, шатыр периметрін көтеруден, шатыр мен торламаның негізгі ағаш қаңқасын тұрғызудан, шатырды материалмен (профлист, металл жабыңшық) қаптаудан тұрады.
Жертөледе коммуналдық қамтамасыз етудің инженерлік желілері ауыстырылады, автоматтандырылған жылу пунктінің жүйесі, жылу энергиясын есептеу құралы, ыстық сумен жабдықтау үшін жеке бойлер орнатылады.

Жөндеу аяқталған соң көппәтерлі тұрғын үйлерді пайдалану және сақтау мерзімі орта есеппен алғанда 15 жылға артады, осы үйлердің 1379 тұрғынының қауіпсіз және жайлы тұруына жағдай туады.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, пәтер, тұрғын емес жай меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы және күрделі жөндеуді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау және оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға міндетті.

Қала тұрғындары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін барлық сауалдармен Тұрғын үй инспекциясы бөліміне жүгінулері шарт, электронды поштасы: zhilinsekb@mail.ru, 347354, WhatsApp - 8 778 939 31 66.