kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Сарықамыс ауылық округінің тарихы

        Сарықамыс ауылы 1961 жылы 19 наурызда  Қазақ ССР, Павлодар облысы Ермак ауданының «Сарықамыс» совхозы болып Павлодар қаласынан батысқа қарай 150 км, Екібастұз қаласынан солтүстік – шығысқа қарай 70 км қашықтықтағы Көкөзек өзенінің бойына   жаңадан құрылған.

Шаруашылықтың  негізгі бағыты: тың жерлерді игеру, егін және мал шаруашылығы, сүт өндіру  болған. 1975 жылдан жаңа құрылған Екібастұз ауданының құрамына өтті.

Ауыл Екібастұз қаласынан 70 км, Павлодар қаласынан  200 км, Солнечный кентінен 25 км қашықтықта орналасқан. Сарықамыс совхозының жалпы жер көлемі 68,7 мың гектар, оның 12 мың гектары егістік алқабы, 1300 га суармалы шабындық  жер болды. Суармалы шабындық алаңдары ауыл тұрғындарын шөппен қамтамасыз етуге әлі де негізгі міндет атқарып келеді.

1970-1990  жылдары совхозда 3-4 мың ірі қара, 1200 жылқы, 12-13 мың қой өсіріліп, егістік алқаптарынан 7-10 центнерден өнім алынып тұрды. 

Сарықамыс ауылын алғаш ұйымдастырған және оның өсіп өркендеуіне көп еңбек сіңірген алғашқы  директоры  Жамалов Мәжит Жамалұлы болды және Сарықамыс совхозын 1978 жылға дейін үзіліссіз 17 жыл басқарды.

Сарықамыс ауылының тарихында ел басқарған азаматтар:

1. Совхоз директорлары:

Жамалов Мажит Жамалұлы -1961-1977жж.

Жакупов Төкен Тормазиевич – 1977-1980 жж.

Кененбаев Сағынай Жанғалиұлы – 1980-1985 жж.

Құсайынов Болат Қисаұлы – 1985-1989 жж.

Амантаев Бақтыбай Букирович – 1989-1992 жж.

2. Ұжымдық ауылшаруашылық өндірісінің төрағалары:

Кихметов Құсатай Түсіпбекұлы – 1992-1994 жж.

Ергалиев Мырзағали Жылқайдарұлы – 1994-1996 жж.

Алғамбаров Жұматай Қажыбекұлы – 1996-1997 жж.

3. Партия ұйымының хатшылары:

Мағзумов Сейтжан Мағзумұлы – 1961-1966 жж.

Сартов Бозманай Түсіпбекұлы – 1966-1968 жж.

Адамбаев Қани Адамбайұлы – 1968-1976 жж.

Аманжолов Ермағамбет – 1976 – 1978 жж.

Ильин Захар Иванович – 1978-1987 жж.

Ремпель Николай Иванович – 1987 – 1988 жж.

Каленов Мейрам Қалиұлы – 1988 – 1989 жж.

Садвакасов Жасұлан Жалелұлы – 1989 -1992 жж.

3. Ауылдық кеңес төрағалары мен әкімдер:

Сыздықбаев Хайролла – 1961-1972 жж.

Әбілдинов Армия – 1972-1977 жж.

Әбдалимов Монтай – 1977 – 1988 жж.

Қожахметов Қоңырат Хамитұлы – 1988-1993 жж.

Сутчанов Еренғайып Тапалұлы – 1993 – 1996 жж.

Маханов Қайыр Қаириденұлы – 1996 -2009 жж.

Докторхан Амантайұлы – 2009 -2011 жж.

Сейсембаев Марат Қайырбекұлы – 2012 жылдан бері.

4. Мектеп директорлары: Қожаев Зейнолла, Жуманов Кәрім Жұманович, Сутчанов Еренғайып Тапалович, Сейсембаев Марат Қайырбекұлы (1989 – 2012 жж),  Какешхан Айгүл 2012 жылдан бері .

1997 жылы совхоз толық таратылып, жеке шаруа қожалықтары мен үй шаруашылықтарына бөлінді.

Қазір де ауыл  тұрғындарының негізгі  кәсібі жеке меншік мал шаруашылығы. Егін шаруашылығымен айланыспайды. Ірі көлемді шаруашылық субьектілері  жоқ.

       Сарықамыс ауылдық округінде Сарықамыс (78 аула 338 адам)  және  Қуандық (19 аула 92 адам)  барлығы 430 адам, оның ішінде 38 зейнеткер, 20 мұғалім, 73 мектеп оқушысы, мектепке дейінгі 45 бүлдіршін, тұрақты жұмыспен қамтылған 72, өзін-өзі жұмыспен  қамтитын 116 адам тұрады.

                  Ауылда Сарықамыс ауылдық округі әкімінің аппараты, жалпы орта білім беретін мектеп, оның жанында шағын балабақша, мектептің автономды жылу қазандығы,  Қуандық  бастауыш  мектебі, ауыл клубы, кітапхана, дәрігерлік пункт, балалардың шағын ойын алаңы, пошта бөлімшесі,  электрожүйе мамандары, интернет желісі, сымсыз телефон байланысы, отандық «Отау ТВ» спутниктік теле-радио жүйесі, теле-радиотолқын  тарататын антенна,  ауыз  су  тазарту қондырғысы-КБМ, малдәргерлік қызмет, жолаушылар автобусы, мектепке балалар  тасымалдайтын автобус, коммуналдық  шаруашылық  тракторы сияқты қоғамдық-әлеуметтік құрылымдар жұмыс жасап, халыққа қызмет көрсетеді.

        Сарықамыс ауылдық округінде бүгінгі күнде  2 шаруа қожалығы, 4 фермерлік шаруашылық, 2 шағын дүкен, 3 жеке кәсіпкер тіркеліп жұмыс жасайды.  Ауыл тұрғындарында 13 трактор,  8 жүк  машинасы, 60 жеңіл көлік, ауылдық округ бойынша 1930 ірі қара мал, 206 жылқы, 1463 ұсақ мал, 333 үй құстары бар.

            Жыл сайын ауылды көріктендіруге, санитарлық тазалыққа, жол жөндеу мен қыста жолдарды қардан тазартуға, білім, денсаулық, мәдениет, ауыз сумен қамту  салаларына үкіметтік, облыстық, қалалық бюджеттен түрлі қаржылар бөлініп, игеріліп тұрады. Сондықтан Сарықамыс атты кішкентай аулымыздың болашағы бүгіннен де жарқын,  ауылдың  бірлігі  мен  ынтымағы  жарасқан  халқына,  оның ұрпақтарына мәңгілік  құтты мекені болып дами беретініне кәміл сенеміз.

 

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза