Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА БЛОК-БЕКЕТТЕР ЖАБЫЛДЫ.

Төтенше жағдай мен карантиндік шаралар енгізілгеннен кейін облыс аумағында 9 блок-бекеттер жұмыс істеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының облыстары арасындағы 4 блок-бекет, шекара маңындағы мемлекеттер бағытында ҰҚК Шекара қызметінің 5 бекеті.

Осы кезеңде Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек,  біздің өңірге 23729 көлік құралы (оның ішінде жүк тасушы көлік-16823, жеңіл көлік -6874) келіп, 28093 (оның ішінде жүк көлігі-19647, жеңіл көлігі-8399) кетті. Блок бекетті заңсыз кесіп өткен 16 бұзушылық фактісі анықталды.

Аталған блокпостарда 194 полиция қызметкері кезекшілік атқарды.

Шідерті кентіндегі блок бекетті жабу күні полиция және медицина қызметкерлерін Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов пен Екібастұз қаласының басшысы Ержан Иманзаипов құттықтады.

- "Екі ай бойы төтенше жағдай және карантин кезінде сіздер абыройлы қызмет атқардыңыздар. Сіздерге зор алғысымды білдіремін, зор денсаулық пен амандық тілеймін " -деді қала әкімі өз құттықтау сөзінде.

Бірқатар полиция қызметкерлері Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев атынан марапатталды, тағы бірқатар полиция қызметкерлері Павлодар облысының әкімі мен полиция департаментінің бастығы атынан марапатталды.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы мен қоғамға адал қызмет етуге дайын екендіктерін білдірді.

- Еліміздің барлық полицейлері үшін бұл үлкен сынақ болды. Біздің әрқайсымыз шыдамдылық  көрсеткен азаматтарға алғысымызды білдіреміз,  Блок бекетте қызмет атқару кезінде үлкен жауапкершілік сезілді. Әр түрлі жағдайларға тап болдық. Дәл осындай сәтте, кәсібилік танытып, рұқсат қағазсыз қалаға кіруге болмайтынын байсалды түсіндіру қажет. Бүгін біз бәріміз үйге, туған отбасымызға оралатынымызға қуаныштымыз."- деді Шідерті блокбекетінің аға көмекшісі подполковник Арыстан Дүйсембаев.