Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың Екібастұзға жұмыс сапары.

Аймақ басшысы "Жұмыспен қамту жол картасы"бойынша салынып жатқан бірқатар нысандарды аралады. Бұл бес тоғыз қабатты үй," Өнер"ҚМО. Облыс әкімі М. Жүсіп көшесі, 157 үйдің ауласында  абаттандыру жұмыстарымен танысып,  М. Жүсіп көшесінің жолы қайта қалпына келтірілу барысын тексерді.
Жұмыс сапары барысында Ә.Сқақов "Восточный" кенішінде бүгінгі таңда циклдік-ағынды аршу кешенінің екінші кезегін іске асыру барысымен танысты.

Өңір басшысы шағын индустриалды аймақтың жұмысын оң бағалады. Бүгінгі таңда 18 кәсіпкер тегін берілген аумақта  бизнеспен айналысуға мүмкіндікке ие.
- Бастауыш бизнесмендер үшін осындай шағын аймақ  облысымызда жалғыз.  Бірақ бұл тек басы ғана. Енді оларға өндірістік қуатты кеңейту және жұмыс орындарын құру үшін мүмкіндік жасау керек- деді аймақ басшысы.
Балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері облыс әкіміне шағын  концерттен басқа, домбыра және "Рухани Жаңғыру" кабинеттерін көрсетті. Жас екібастұздықтар Әбілқайыр Сқақовтан  Оқушылар сарайын салып беруді өтінді.