kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Село тарихы

Академик Әлкей Марғұлан атындағы село Екібастұз аймағының оңтүстік-батысында орналасқан, жалпы ауданы 201003 км2, 8 селолық округпен және Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарымен шекаралас.

Село тарихы 1962 жылы 1 қарашадан басталған. Қазақ ССР министерлер Кеңесінің негізінде Көктөбе селолық округте «Степной» атаулы тың совхозы ашылды. Совхоздың алғашқы директоры Лебяжі ауданының маманы Цехиель Карл Гейнц Иоганнесович тағайындалды.

1972 жылғы 31 мамырда Екібастұз ауданының еңбекшілер депутаттар кеңесінің І сессиясының шешімімен еңбекшілер депутаттарының аудандық кеңесінің ауыл шаруашылық орындалу комитетінің басқармасы құрылды. Екібастұз аудандық ауыл шаруашылық басқармасының енгізілуімен Баянауыл ауданынан  қой өсіретін совхоз «Степной» түсті.

 Совхоздың негізгі бағыты егiс - жарамды топырақтардың игеруiн және  астық дақыл өндiрiсiн өсіру. Тұрғындардың есінде алғашқы кезең – тың игеру дәуiрiнiң дамуы кезіндегі  әлеуметтiк-экономикалық көтерілу мерзімі, адамдардың жалпы патриоттық кезеңінің көтерілуі.

2006 жылғы 20 қаңтардағы Павлодар облысы маслихатының шешімімен Көктөбе селосының атауы  академик Әлкей Марғұлан атындағы селоға ауыстырылды.

Бүгінгі күні село тұрғындарының негізгі қызметтері өсiмдiк шаруашылығы және мал шаруашылығының саласы, сонымен қатар бюджеттік мекемелерде, «Степная» мұнайайдау станциясында, мыс кеніші және Каныш Сәтбаев атындағы электрлік станциясында  жұмыспен қамтылған.

1967 жылы салынған село мектебінде 75 оқушы, 23 ұзтаз бар. Шағын орталықта 22 бала, 2 тәрбиеші бар.

Өтпелi жылдарда  мектеп тоқырау, қайта құрылу сияқты бiраз қиындықты бастан өткiздi, ол кадрлардың тұрақсыздығымен, материалды-техникалық базаның әлсізгінің, температураның төмен болуымен байланысты еді.1998 жылдан бастап берілген мәселелерді шешуге қаражаттар бөліне бастады..

Селода кітапханалар саны - 2, мектеп және селолық. Оқырмандар қоры - 8515 дана. Биылғы жылы күрделі жөндеу жұмыстан өткен село клубы жұмысын атқаруда.

Денсаулық сақтау саласында медициналық пункпен қамтамасыз етілген. Дәріханалық пункт жұмыс істейді. Село аймағында Каз.пошта бөлімшесі бар, онда :зейнетақы, жәрдемақы беріліп, мерзімдік басылымдар жеткізіліп тұрады.

Ауыл шаруашылық бағыты бойынша селода 16 заңды тұлғалар бар, солардың ішіндегі  бесеуі 2013 жылы ашылды. Егістіктің ауданы биылғы  жылғы 1485 га құрады, оның ішінде бидай 955 га, жем 530 га. 2014 жылға 400 га астам егістікке жер дайындалды.

Малға жемтік дайындау үшін селода 32 ауыл шаруашылық техника бар. Селода 6 қыстаулар, сонымен қатар соғымдық алаң, ірі қара малға және жылқыларға арналған вакцинациялау қашасы бар. Мал қорымдары салынды. Бүгінгі күні мал шаруашылығы агроөндірістік кешеннің негізгі бағыты. Село аймағында ауыл шаруашылығы басының артуы бақылануда. Біздің округ шөппен, мал жайылымдармен, жеммен қамтамасыз етілуі мал өндірісінің өнісін өсіріп, дамытуға мүмкіндік береді.

2012 жылы «Көктөбе» шаруа қожалығымен семірту және репродуктормен асыл тұқымды мал шаруашылықты құру жобасы іске асырылуда. Бүгінгі күні 500 бас ірі қара мал ұстауға, 3000 тоннаға арналған астық қоймасы бар екі мал шаруашылық базалары дайын.

2013 жылы мыс концентратын өндіру бойынша «Fonet Er – Tai АК Mining» ЖСҚ фабрикасы  мен катодты мысты өндіру бойынша «Evrazian Kоpper»  ЖСҚ зауытының құрылысы басталды. Зауытың іске қосу мерзімі – биылғы жылдың қараша айы.

50 жылдан астам Каныш Сәтбаев атындағы канал өткен жерде мұнайайдау станциясы өткізілген, қалааралық жол салынған, мыс кені ашылды, аймақта жоғары вольтты электротасымалдау желілері өткізілген.

Осының барлығы село тарихы үшін мағыналы және де село тұрғындары үшін келешекте зор мәні бар.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза