Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мобильды топтар халыққа санитарлық ережелерді түсіндіруде.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Екібастұзда мобильді топтар жұмыс істейді.

Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия басшылығымен қала педагогтары кәмелетке толмаған адамдармен жұмыс жүргізеді. Олар балалар алаңшаларын, аулаларды аралап, заңды өкілдерінсіз жүрген балаларды анықтайды және бетперде режимін сақталуын бақылайды.

Осындай мобильді топтар жұмысты тұрақты негізде жүргізетін болады.

Екібастұз өңірінің тұрғындарын  санитарлық нормаларды қатаң сақтап, бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты  сақтауға шақырамыз.  Өз денсаулығыңызға жауапершілікпен қараңыз.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі