Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жұмыспен қамту жол картасы 2020.

Қала әкімі Ержан Иманзаипов депутаттармен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп "Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл жөндеуден өтетін бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Барлығы биыл 20 жоба қамтылатын болады.

Білім беру нысандары саласында​ № 13 жалпы орта білім беру мектебінің терезе блоктарына күрделі жөндеу жүргізіледі. Мектеп оқушыларының ата-аналары үш жыл бойы көтерген бұл мәселе шешімін табады.

Ғимараттың жөндеу қажеттілігін​ облысымыздағы мүмкіндіктері шектеулі бүлдіршіндерге арналған​ жалғыз № 13 "Алтынай" арнайы балабақшасының​ ​ ата-аналары да алға тартты. Бала-бақшаның​ шатыры, қасбеті, жылыту жүйесі апатты жағдайда. "Nur Otan" партиясының арқасында жүзеге асырылатын бұл жоба​ бақшаның материалдық-техникалық базасын жақсартуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ балабақшада тәрбие оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайды қамтамасыз етеді.

"Жасыбай" спорт кешенінде де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Спорт кешеннің үлкен және кіші хауыздары қалпына келтіру жұмысы жас спортшылардың сапалы дайындық жүргізуге жағдай жасап, қала тұрғындарының​ бос уақытын тиімді ұйымдастыруға оң әсерін тигізеді.
Витраждар мен терезе ойықтарын ауыстыру спорт кешенінде температуралық режимді айтарлықтай жақсартады деген сенім мол.
Жыл соңына дейін қаланың барлық негізгі әлеуметтік нысандарын ретке келтіреміз​ деп сенемін- деді тілшілерге берген сұхбатында қала басшысы.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі