Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ауыл тарихы

«Горняк» совхозы 1982 жылы құрылған. Бірінші совхоз директоры Павлингер, одан кейінгі Готфрид, Богочев С.А, Зарков Ю.Г. сияқты азаматтар болған. Совхоз Екібастұз қаласының муниципалдық округі болып саналды.

         1986 жылы Екібастұз қаласының жалпы білім орта беретін № 14 мектебі ашылды.

         2005 жылы қалалық территориалық даму бөлімінің бас маманы Батенов Жүрсін Батенұлы «Горняк» ауылының өкілі болып тағайындалды. Батенов Жүрсін Батенұлы совхоз тұрғындарына арнап дәрігерлік пункт ашты.

         2006 жылы «Горняк» ауылының төрайымы орнына  Ахметзянова Мадина Азгаровна тағайындалды, сол жылы ерең еңбектің арқасымен ауылдық клуб, көше шамдары орнатылып, аялдама мен баскетбол алаңы бой көтерді.

         Қоянды ауылдық округі 2008 жылы шілде айында құрылған. Ауылдық округ құрамына: бұрынғы подхоз «Екібастұзуголь» ЖШС (қазіргі Қоянды ауылы), повхоз «Екібастұзшахтастрой» (қазіргі Құрылысшы ауылы), ОП-116 «Қазақстан Темір Жолы» (бұрынғы «Теміртас»).

         Қоянды ауылдық округі тұргыңдарының саны 723 адам. Ауылдық округ Екібастұз қаласының әкімшілігіне бағынады, Екібастұз қаласының бастыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік бөлігінде Бесқауға ауылымен, оңтүстік-шығыс бөлігінде Шиқылдақ және шығыс Байет ауылдық округтерімен шектеседі. Жер аумағы бойынша 990 кв.км аумақты алып жатыр. Жұмыспен қамтылған адамдар саны – 380, олардың ішінде жұмыссыздар саны 297. Ауылдық округте жалпы білім беретін бір мектеп, 1 дәрігерлік пункт, 1 кітапхана, 1 ауылдық клуб, 1 дене шынықтыру залы, 3 дүкен, 8 шаруа қожалығы бар. Ауылдық округ жер көлемінің қоры 9,9  мың. Га. Қоянды ауылдық округінің әкімдері: М.Ж. Ерғалиев, К.Ж. Утенов. 2013 жылдың наурыз айынан бастап Е. М. Қабдылов әкімнің қызметін атқаруда.